Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақстан табиғаты. Су қоймалары
Сабақтың тақырыбы Қазақстанның табиғаты
Сабақтың мақсаты 1. Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту. Буын түрлерін қайталау.
2. Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты оқуға, жазуға үйрету.
3. Патриоттық тәрбие, оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқыту нәтижесі 1. Сынып оқушыларының ойлау қабілеттері жетіледі.
2. Оқушылардың ауызекі тілдері дамиды.
3. Оқушылар өз беттерімен білім алуға ынталанады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі Сұрақ - жауап, әңгімелеу, қайталау,, жеке жұмыс, кластер
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, бағалау парағы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- «Шаттық шеңбері» жақсы тілектер айту. Оқушылардың психологиялық көңіл - күйлерін көтеру мақсатында жақсы тілектер айту үшін «Шаттық шеңберіне» шақыру.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн, құрбым!
Жұманың сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгін алған бағаң
Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй жұмысын тексеру
І слайд
Өткен сабақты пысықтау.
Рәміздер туралы сұрау.
1. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
2. ҚР Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды.
3. ҚР мем. Елтаңбасының түсі қандай?
4. Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
5. Шаңырақтың айналасында нелер бар?
6. Елтаңбаның екі жағын нелер көмкерген?
7. Елтаңбаның авторлары кімдер?
8. Елтаңба туралы өлеңді кім айтып береді?
Сұрақтарға жауап береді.
«Елтаңбасы елімнің» өлеңін жатқа айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. «Табиғат» сөзіне кластер жасау 3 слайд
ЖЕР, ТАУ, ТЕҢІЗ, ӨЗЕН, ОРМАН
4 слайд
Сөздік жұмыс:
Ел – страна
Жер - земля
Теңіз - море
Көл - озеро
Өзен - река

3) Жаңа сөздермен жұмыс:
4). Мәтінмен жұмыс:
5. Сұрақ - жауап ұйымдастыру
1. Қазақстанның жері қандай?
2. Табиғаты қандай?
3. Қазақстанда қандай таулар бар?
4. Неше теңіз бар?
5. Олар қай теңіздер?
6. Қандай үлкен өзендер бар?

6. Іле Алатауына саяхат жасаймыз. Ол үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
Грамматикалық тапсырмаларды орындау:
1. Мәтіннен 3 жуан, 3 жіңішке сөздерді теріп жазыңдар.
2. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Іле Алатауының суретін көрсету.
5 слайд
Сурет бойынша сұрақ - жауап ұйымдастыру.
Сергіту.
7. Қазақстанда қандай теңіздер бар?
Келесі саяхатымыз - Каспий теңізі.
Ол үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек. 6 слайд
1. Сызба бойынша сөйлеу.
Қазақстан
Таулары теңіздері өзендері
8. «Сиқырлы сандық» Сөздерді кестеге орналастыр.
Семей өзеніне саяхат. 9 слайд

IV. Бекіту: «Білім биржасы» ойыны
10 - 15 слайдтар
1 Мемлекеттік рәміздерді ата
2. Қазақстанның астаналарын ата
3. Қазақстанның өзендерін ата.
4. Қазақстанның теңіздерін ата.
5. Мемлекеттік Туды сипаттаңдар.
6. Қазақстанның тауларын атаңдар.

Кіріспе сөз: Балалар, өткен сабақтарда сендер Қазақстанның қалаларымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыңдар. Бүгін біз Қазақстанның табиғатымен танысамыз.
Табиғат деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Табиғатқа не жатады?

- Жаңа сөздерді дауыстап оқиды;
Жаңа сөздермен жұмысты ұйымдастыру.
Сөздерді оқу, аудару.
Мәтінді мәнерлеп оқиды;
Мәтін бойынша тапсырманы түсіндіреді
Грамматикалық тапсырмаларды түсіндіріп, орындатады
Енді біз Семей қаласында орналасқан Ертіс өзеніне саяхат жасаймыз. Аспалы көпірге шығамыз. Ол үшін сендер мына тапсырмаларды орындаңдар.
- Жаңа сөздерді қайталап оқиды;
- Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Біздің жеріміз үлкен. Биік тау. Біз биік тауға шықтық. Біз өзенге шомылдық.
Мәтінді оқып, аударады
Тапсырмаларды орындайды
Жазылым.
Дәптермен, тақтамен жұмыс түрлері.
Тақтаға шығып буынға бөледі.
Айтылым. Сызба бойынша сөйлеу.
Қазақстанның жері бай.
Қазақстанда Іле Алатауы, Қаратау, Баянауыл, Алтай таулары бар.

Екі үлкен теңіз бар. Олар - Каспий және Арал теңізі.
Үлкен өзендер бар: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Шу.
Дәптерге орындайды.
Командаға бөлініп ойнайды.

V. Қорыту
Сұрақ - жауап:
Сұрақтар қойып, сабақты қорытады
Бүгін сабақта не туралы білдік?
Қазақстанда қандай таулар бар?
Елімізде қандай теңіздер бар?
Жерімізде қандай өзендер бар?
Сұрақтарға жауап береді
V. Үй тапсырмасы:
VI. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама