Мектепке дейінгі ұйымында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі
Мектепке дейінгі ұйымында қолданылатын денсаулық сақтау технологиялардың тиімділігі.
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан - жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым - қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке - дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
Осыған орай жұмыстың объектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.
Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.
Міндеттер:
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық - техникалық база қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі:
Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан - жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі.
Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері:
Балабақшада оқу - тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын - алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.
Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.
Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:
Тыныс алу жаттығулары
Жалпақтабандылықтың алдын - алу жаттығулары
Сымбатты түзету жаттығулары
Созылу(стретчинг) жаттығалары
Йога жаттығулары
Көзге арналған жаттығулар
Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал - жабдықтарды қолданған жөн.
Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез - келген ауруға қарсы тұруына маңызды.
Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы - босауы, тыныс алу, дем алумен - дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қорытылып отырады.
Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы...
Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру – сауықтырудың да тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады.
Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары
Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік - психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.
Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс - шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.
Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты
Мектепке дейінгі балалардың қимыл - әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.
Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.
Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби - шеберліктерін өрлету және де ата - аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру
Бұл іс - шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Шынықтырудың негізгі міндеттері
Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш - қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл - әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.
Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:
Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.
Гулжан Джаманшалова
Толық нұсқасын жүктеу