Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мен бүгін оразамын!

Отыз жыл бойы ораза ұстаған бір адам құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кісі кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып:

— Мен бүгiн оразамын! Кезек берiңдер! Қарным ашты, шөлдедiм, — деп шу шығарады.

Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып, бiртiндеп алға жақындай бередi. Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен, бiр кезде шыдамы таусылып:

— Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса, онда кезекті отыз жыл бойы ораза тұтқан мен бiрiншi алуым керек емес пе? Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! — деп ашуланыпты. Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп:

— Мен шайтанмын. Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың. Маған да керегi осы едi, — деп көзден ғайып болыпты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама