Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мен қазақпын
Мен қазақпын.
Мен қазақпын әуелден қарапайым
Қонақ келсе қарсы алып, құшақ жайдым.
Мен қазақпын деймін мен мақтанамын
Қонақтарға тосатын қою шайын.
Қонақ келсе әуелі қабақ керек
Қабақтан соң әрине тәтті ас керек.
Ата - бабам қашаннан бар дәмдісін
Қонақтарға әрдайым сақтап келед...
Мақтана алам «жомарт» деп ата - бабам
Қазақтарды қолдайды Қызыр бабам.
Көңілінде қазақтың шек жоқ деп
Мен әрине ойланбай айта алам.
Қадірлі ғой қазақта әрбір ана
Аналардан туған ғой небір дана.
Сәбит, Мағжан... ұлдары қазағымның
Ұмытылмас тұлғасы әрбір дара.
Қазақпын деп айтамын шаршамаймын
Ұлтың кім?- деп сұраса қайталаймын.
Атам қазақ, қазақ боп өтемін мен
Жасай берсін қазақтар әр жыл сайын.
Намысшыл боп келеді әрбір қазақ
Қазақпын деп мақтану қандай ғажап!
Ұлтын, салтын сыйлайтын ұрпағың бар
Жаңғыртайық дәстүрді ұмтыл қазақ!

Садуова Әдемі Сәлімқызы 1976 жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мұқыр ауылында дүниеге келдім.
І санатты бастауыш сынып мұғалімімін. 20 жыл еңбек өтілім бар. Отбасым, бала - шағам бар.
Қазірде Айыртау ауданының Антоновка селосында жұмыс істеймін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама