Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
Мен сараң адам емеспін

Қожекең бір күні аспазшыдан тамаққа тойып, ақшасын төлемей, кесесін қасығымен қойнына тығып ала кетіпті. Ертеңіне жанынан өтіп бара жатқанда аспазшы ұстап алып:

— Қожеке, кеше тамақтанып, ақшасын төлемей кетіпсіз, — дейді.

Қожекең сонда жауап беріп:

— Рас, тамақтандым, қарасам ақшам жоқ екен. «Осы бейшараның ақысы мойнымда қалмасын» деп кесе мен қасығыңызды базарға ала кетіп едім. Сатып ақшаңды алып келдім, міне, ақшаң, — депті. Ақшаны қалтасынан шығарып беріп жатып:

— Мен сараң, дүниеқор адам емеспін, аспазшы, біліп қой! — депті Қожекең.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама