Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қызғаншақ Қожанасыр

Неге болса да қызғана беретін Қожанасырдың үйіне бір жолаушы келіп қоныпты. Қызғаншақ Қожанасыр жолаушыдан көзін алмай, «әлдене істеп жүрген адам» деген оймен таң атып үйінен кеткенше аңдумен болыпты. Кетер мезгілінде жолаушы жөтеліп қалғанда, қызғаншақ Қожанасырдың әйелі де жөтеліп қалыпты, онан соң жолаушы түшкіріп қалғанда, әдейі келісіп қойғандай әйелі түшкіріп қалыпты.

Қызғаншақ Қожанасыр:

— Е... сенің бұл жолаушымен бір шатысың бар екен ғой, әйтпесе тегіннен-тегін ол жөтелсе жөтеліп, түшкірсе түшкіріп жұмбақтасқандарың жай емес. Мен бұл қорлықты көргенше қаңғырып өлейін, — деп қатынын тастап, үйінен безіп кетеді. Жолда тымау тиіп, қонған үйінде жөтеліп қалғанда, үй иесінің әйелі де жөтеліп жіберіпті. Тосыннан түшкіріп жібергенде, әдейі аңдып тұрғандай әйел де түшкіріп қалыпты. «Бұл қалай?» деп таңданған Қожанасыр байқап отырса, өзі сықылды әйел де тымауратып отыр екен. Содан дереу әйелінің сол күні тымауратып отырғаны есіне түсіп, «мен қатынымды бостан-бос қызғанған екенмін ғой», — деп ойланып, ақыл-есі кіріп, үйіне қайтып келіп, қызғаншақтығын қоюға ант берген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама