Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Адам баласының өмірлік серігі оның Құдай қосқан жары болса, ал еңбектегі серігі таңдаған мамандығы. Міне, тіршілікте адам баласы осы екі дүниені таңдауда қателеспеуі шарт. Мамандық – кез - келген адам үшін өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, біліктілікті, өзіндік жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – мамандық ойлаған арман мен қалаудың орындалуы сондай - ақ отбасы дәстүрін жалғастыру болса, ал, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, білім шыңындағы дербестікке талпыныс, ал енді үшінші біреулер үшін әйтеуір бір мамандық иесі атану үшін таңдалған бұрыс бағыттың нәтижесі деп білемін. Осы кезде Кубалық жазушы, публицист Хосе Хулиан Мартидің «Мамандық таңдау - өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық - адам болып қалу» деген сөзі есімізге түседі. Иә, мамандық өз тағдырыңды таңдаумен бірдей. Дұрыс таңдалмаған мамандық өмірде де еңбекте де өкініш тудырары сөзсіз, сондықтан адам баласы өмірде өз таңдауына өкінбейтіндей, өз қабілетіне қарай, жүрек қалауымен сүйікті мамандығын таңдаған кезде ғана үлкен белестерді бағындыра алатынына сенімдімін.
Сондай мамандық таңдаудың аса маңызды кезеңін бастан өткерген мен үшін әкемнің берген кеңесі өмірлік, еңбектік серігімді жүрек қалауымен таңдауыма үлкен бір себеп болды. Дана халқымыздың «жеті рет өлшеп бір рет кес» деген ұранымен бүгінгі таңда әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оның ішінде Әлеуметтік жұмыс мамандығының студентімін.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс - әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс – ізгілік пен қайырымдылыққа, сыйластық пен өзара сенімге негізделген кәсіп.
Кез - келген бітіруші түлектің көкейін «Әлеуметтік қызметкер болып қандай орталықтарда қызмет атқаруға болады?!» деген сауал мазалайтын болуы мүмкін, міне сондай түлектер үшін айтарым, бүгінгі күнде әлеуметтік қызметкерлер Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында (ХҚКО); түрлі бағыттағы оңалту орталықтары мен дағдарыстық орталықтарда; Халықты жұмыспен қамту саласында; ауруханалар мен емдік - профилактикалық сауықтыру мекемелерінде; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету орталықтарында және жастармен, егде жастағы азаматтармен, көпбалалы немесе көмекті қажет етуші отбасылармен тікелей жұмыс жасайтын, көмек беретін және т. б. мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқаруға мүмкіншіліктері бар. ҚазҰУ - дың Әлеуметтік жұмыс мамандығының бітіруші түлектері бүгінде әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде өз білімдерін шыңдап қана қоймай, мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының ұжымы шығармашылық потенциалды жауапкершілікпен, өз кәсібіне және университетіне жан - тәнімен берілген. Оқытушылары халықаралық білім беру технологиясын жетік меңгерген. Бүгінде кафедра бітіруші түлектері үшін Ресей Федарациясы (Уральский Федеральный Университет имени первого Президента Росии Б. Н. Ельцина, Белгородский государственный национальный исследовательский университет) негізінде қосдипломдық бағдарлама жұмыс жасайды.
Білім мен ғылымның қайнар мекеніне айналған кафедра оқытушылары үшін өмірдегі ең негізгі басты қуанышы, әрине, өзі тәрбиелеген шәкірттерінің болашақта өзі жетпеген белестерді бағындырып, оны қуантуы болып табылатыны айдан - анық.
Мектеп бітіруші түлектерге біздің ұшайын деп отырған алтын ұямыз – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факульетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әлеуметтік жұмыс мамандығына жол бастауына және осы мамандықтың профессионалды маманы болуына шақырамын!
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Әлеуметтік жұмыс
мамандығының 4 - курс студенті
Төленді Шолпан Қанатқызы
Жетекшісі: социология ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Г. С., доцент м. а. Амитов С. А.
Менің мамандығым – менің мақтанышым! жүктеу