Мұқағали Мақатаев "Елім барда", "Анау - аспан, мынау - бақ"

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ақын өлеңдерінің көркемдік қуатын, мәнін жете түсіндіру, өлеңдердің тақырыбы мен идеясын ашу;
Дамытушылығы: шығармашылық ізденіске бағыттау, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Тәрбиелігі: туған жерді, елді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: бейнепроектр
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
Үй тапсырмасын тексеру.
Мен Үйсінмін - қауға берсең, қауға бер!
Қан ағызып үйренгем жоқ жаулап ел.
Жауы да жоқ, дауы жоқ - тып - тыныш,
Ей, бауырым біздің Алатауға кел!
Мен Үйсінмін! Мал бақ десең - мал бағам.
Еш жамандық көргенім жоқ қауғадан.
Мен Үйсінмін - ұлы жүзбін, ұлымын!
Ұлымын деп ұлыққа да бармаған.
Ортадан да, кішіден де кішімін!
Ұлымын деп көрсетпеген қысымын.
Ел басына екі талай күн туса,
Екі інімнің найзасының ұшымын!
Мен Үйсінмін! Ұлы десең, ұлымын!
Кісіліктің, кішіліктің құлымын.
Бөлінбеген еншім даяр, екі інім
Желпілдетіп жетіп келсе тұлымын!
- Балалар, кім айтады, бұл қай ақынның өлеңі? (Мұқағали Мақатаев екендігін анықтап алғаннан кейін ол туралы не білетіндіктерін сұраймын. Өмірі мен шығармашылығы, «Қара өлең» өлеңін жатқа айту).
Баласы Жұлдыздың естелігінен: «Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы - ең бірінші табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, әжесі қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әңгімелескен адамнан тереңдік іздейтін, ол адам көңілінен шықпаса ренжіп таяз дейтін».
Жары Лашын апаның естелігінен /Айтуған/: «Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, анам екеуімізге оқып беретін. Ол күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін».
Ақынның жарыққа шыққан өлең кітаптары: «Дариға жүрек», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Бәсіре», «Күнделік», «Өмір - өзен», «Жырлайды жүрек»,«Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аманат».
Ақынның өз даусымен оқыған өлеңін тыңдату (1 мин 20 сек).
Жаңа сабақ. Ой қозғау
(бейнетаспадан қазақ елінің болмысын суреттейтін сурет көрінеді).
Оқушылардан сурет туралы түсінік сұралады.
- Оқушылар, бұл суретте ежелден еркін жүріп, еркін өскен, бұла халық – қазақ халқының мамыражай кезеңі суреттелген. Біздің еліміз жатқа да жақыным деп қарайтын бауырмал ел. Әрқашанда тыныштықты сүйеді, бірақ жау келсе қарап тұра алмайтын, орынды жерінде басынан сөз асырмайтын дана елміз.
- Ал, енді мына суретке назар салайықшы (тәуелсіз еліміздің суреті).
Бұл суретте өз алдына бөлек шығып, тәуелсіз, азат болған еліміздің белгілері бар. Тәуелсіздік монументі, дербес шекарамыз, мемлекеттік рәміздеріміз бар, елу елдің қатарынан орын алатын әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көрінетін боламыз.
Мінеки, балалар, еліміз, Отанымызды көптеген ақындары өз өлеңдеріне арқау етті десек, соның бірі – М. Мақатаев
(сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызу, мақсатын айту)
Сәл - сәл шегініс жасайық.
- Балалар, М. Мақатаевтың қандай өлеңімен таныссыңдар?
- «Қара өлең», «Қайырлы түн».
- Осы өлеңдер не жайында жырланған?
- Бейбітшілік, тыныштық, тілге деген құрмет
(бейнепроектрдан М. Мақатаевтың суреті, жыр жинақтарының аты шығады).
Оқушыларға таныстыру.
Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту.
(оқушыларға оқыту)
Сөздік жұмысы:
Желі – құлын, боталарды мойнынан байлап қоятын, екі қазықтың арасына керілетін жіп.
Көген – қой, қозы - лақтарды мойнынан байлау үшін қысқа жіптер тағылған, ұшы түйілген, ұзын арқан.
Талдау – табыс кілті
Идеясын ашу «Елім барда» өлеңі, - туған еліне арқа сүйеу, соның болашағына
нұрлы үмітпен қарау.
«Анау – аспан, мынау бақ» - табиғатты қорғау, оның жан жарасын
жазу.
Өлең талдау
Не сыйлайды, / / не береді // келер күн?! а
Не де болса// тірі тұрсам // көрермін. а
Желідегі // құлынымын // мен елдің, б
Көгендегі //қозысымын// мен елдің. Б
Егіз ұйқас, Буын саны - 11
Бұл ұйқас түріне құрылған өлеңде ұйқастар үздіксіз жұп - жұп болып келеді. Шұмағы не сегіз, не алты жолдан құрылады.
Бунақ саны – 3
Құбылтудың бір түрі:
Метафора (ауыстыру) - суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, суреттеліп отырған құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету, әсерін күшейту
Желідегі құлын, көгендегі қозысымын, таусылмайтын бақытым, ырысым
Анау аспан –// мынау – бақ, а
Аспанда бұлт, //бақ жадау б
Мамық ұшты // қылаулап а
Қыс та келіп //қалған – ау б
Шалыс ұйқас Буын саны - 7
Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1 - жол мен 3 - жол, 2 - жол мен 4 - жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.
Бунақ саны – 2
Құбылтудың бір түрі – кейіптеу
Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысының кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелуі.
Дәрігер қыс, табиғаттың жарасын, ақ дәкемен таңуда, тоңдырып ап маңдайын,, тағы көйлек сұрап жүр, бақты кезіп, жалаң аяқ жылап жүр, түксиеді
Ақынның оқырманға ұсынған негізгі ой - өзегі, берген тәрбиесі:
Туған елді сүю, ел үшін жанын пида ету
Сымбатты табиғаттан тек өз қажетіңді ғана алып, оның басқа байлығына қол сұқпау, орны ойсыраған жерлерін толтыру.
Венн диаграммасы:
«Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстыру.
Анау – аспан, мынау – бақ 1 - шумағы Қыс
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Шалыс ұйқас 4тармақты 1 - шумағы қара өлең,
7 буынды метафоралар 11 буынды
Қай ақын қыс туралы өлең жазған? Ендеше екі өлеңде табиғаттың бір мезгілі суреттелген. Табиғатты жансыз затты адам кейпінде суреттеу қалай аталады?
Венн диаграммасы арқылы екі өлеңді салыстыру. Ортақ кейіптеу тәсіліне ерекше назар аударту.
Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп Абайды үлгі еткен ақиық ақынның өмірі жыр болса, жаны әнге құмар еді. Ақынның көптеген өлеңдеріне композиторлар ән шығарды.
Үйге тапсырма: Ақын ағаға хат жазу, «Елім барда», «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңдерін жаттау.
Қорытынды:
- Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады,- деп Күләш Ахметова айтқандай, Мұқағалидай ақыны бар қазақ елі бақытты дей отыра, ақынның өлеңіне жазылған «Бақыт деген...» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау:
«Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар әнді тыңдай отырып, сабақты қалай түсінгені туралы стикерге жазу арқылы білдіреді, «Бағдаршамға» жабыстырады. (Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы), бір тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе).