Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Тақырыбы: «Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам»
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.
Қатысқандар: ата - аналар
Түрі: психологиялық тренинг

Барысы:
1. Танысу жаттығуы
2. Ситуациялық сұрақтар
3. Шығармашылық жұмыс
4. Сергіту жаттығуы
5. Ой - толғаныс

Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз.

Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім мен тәрбие алып, балабақша табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздер ата - ана, өміріңізде үш рет балабақшаға, мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет - өзіңіз, екінші рет - балаңыз, ал үшінші рет - немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпін!

1. "Танысу" жаттығуы
Мақсаты: топта әрі қарай жақсы қарым - қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызу, танысу.
Ата - аналар өздерінің және балаларының есімдерін таныстырып, баласының бойындағы жақсы қасиеттерін айтып өтеді.

2. Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі. Демек, балаға тәрбие беру, яғни отбасынан басталады.

Ситуациялық сұрақтар
• Сізде үйде бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі деп ойлайсыз?
• "Отбасы бақыты" дегенді қалай түсінесіз?
• Отбасыңызда болған балаңызға қатысты қызықты оқиғаны айтып берсеңіз?
• Сіз асығыс боп қонаққа жиналдыңыз, балаңыз болса ертегі оқып беруді өтінді, сіз не істейсіз?
• Үйде балаңызға қандай ертегілер оқып, айтып бересіз?
• Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
• Қазіргі өмір талабына байланысты көптеген ата - аналар бала тәрбиесіне көңілдерін аз бөлуде. Мәселен, сіз таңертеңнен кешке дейін жұмыста болып, үйге шаршап барғаныңызда балаңыздың қойған сұрақтарына жауап беруге де шамаңыз келмеуі мүмкін. Осы тұрғыда не айтасыз?
• Баламның бойынан мені не ренжітеді, не қуантады?
• Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз?
• Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыздар?

3. Жаттығу. Шығармашылық жұмыс "Отбасылық құндылық ағашы"
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керексіз. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне және бұтақтарына жазасыз. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептелінеді, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды жазасыз.
Берілген уақыт 5 минут.
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап, өз ойларын ашып айтады.

4. Сергіту жаттығуы
Бүгінгі тренингте жақсы көңіл-күйде болдым десеңіз аяқты еденге соғайық.
Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
Осы тренинг туралы жақсы ой пікірдегі адамдар бәрі керемет деп айқайлаңыздар.
Бүгінгі кездесуге қуаныштылар ду қол шапалақтайық!

5. Ой - толғаныс

Қорытындылау
Сіздерге көп - көп рахмет, отбасыңызда әрқашанда сыйластық пен татулық болсын. Балаларыңызды мейірімге, махаббатқа, қуанышты сәттерге бөлей жүріңіздер.
Рахмет!

«Батыс Қазақстан облысы,
Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің
Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы» психологы: Купешева Г. С.

Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама