Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Менің тілім - Қазақ тілі!
Менің тілім - Қазақ тілі!

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі!», «Қазақ тілі - ұлт тілі», магнитофон, шарлар, ұлттық киім.
Барысы:
1 - жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар.
2 - жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 2 сыныптары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1 - жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.
2 - жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.

Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің,

Анар:
МЕН – ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ!
Тақпақ айтам – жаттап ал,
Көкейіңе сақтап ал!
Туған тілім – айбарым,
Одан ыстық жоқ маған.
Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата - анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.
Елордасы – Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам!
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады
Республика Әнұраны.

Данияр:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Жансая:
Қазақ тілің - Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Аружан:
- Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
- Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!
Халық жауы атандың - ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
Аян:
Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.
- Қуан балам! Туған тілдің киесі.
Жебеп сені болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде тіршіліктің күресі.
Көркем:
- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
1 - жүргізуші:
- Туып өскен Торғайдың даласында
Қайран елі - қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?
Оқушылар: Хормен Ахмет Байтұрсынов!
2 - жүргізуші:
- Елім деп, тек алып соққан жүрегі
Ахметтей ағасына іні еді.
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.
Ғұламаның есімін кім біледі?
Оқушылар: Хормен Құдайберген Жұбанов!
Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!
Би: «Қаражорға»

1 - жүргізуші: Қазақ халқының салт - дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
2 - жүргізуші: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.

Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал - Мқхамметали
Қария - Батырхан
Бойжеткен - Көркем
Балалы келіншек - Аружан
Күйеуі – Сағындық
Бірінші көрініс - алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан - жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

Анар:
Ана тілім - бақытым.
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Диана:
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
Айшат:
Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

Тілім саған арналады бар күнім
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.

Қазақ тілім сенсің бар гүлім
Арналады менің саған бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

2 - жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал - мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. Екі топқа бөлу.
Мақал - мәтелдер сайысы:
1 - топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).

2 - топ
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес).
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.

Викториналық сұрақтар:
1 - топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. әжесі? (Айғаным).
4. «Еркіннің еңбегі» әңгімесінің басты кейіпкері? (Еркін).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Дыбыстың неше түрі бар? (2).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Диалог деген не? (екі адамның сөйлесуі).
10. Қазақ тілі алфавитінде неше әріп бар? (42).

2 - топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Шеше мен бала авторы кім? (Ы. Алтынсарин).
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
9. Аяқ деген не? (ағаш табақ).
10. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.).
1 - жүргізуші сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс - шарасы аяқталды.
2 - жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама