Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
«Мейірім шуағы» (Қайырымдылық концерті)
Мақсаты: Оқушыларды қамқорлық жасауға жастайынан тәрбиелеу
Фонфары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса ата - аналардың құрметіне арналған «Мейірім шуағы»атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер.
Сөз №5 орта мектеп директоры Әбдіғапарова Алия Пәуединқызына беріледі.
Жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі, үзіледі әуендер
Күмбірлеген домбырасы барында.
9 б класс оқушысы Балғабаев Ерсұлтанның орындауында күй «Теріс қақпай»
Жүргізуші:
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.

Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ұзақбаева Айымның орындауында «Мама» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші:
Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату - тәтті достарым мейірімді!

Сымбатына сән киімі жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасың
Алдарыңызда 2 класс оқушыларының орындауында «Барбарики» биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата - ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
9В класс оқушысы Нұритжанов Бекжанның орындауында «Асыл әжем» әні.

Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
7а класс оқушыларының орындауында «Золотое сердце» әні

Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қымбатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Мейірім шуағы» атты концертіміз өз мәресіне келіп жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын. Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама