Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мейірімділік шуағы
Тақырыбы: «Мейірімділік шуағы»
Мақсаты: «Мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:– өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: балапан, аю, екі қонжық, қоян, қыз бала, шар, ағаш - бейнеленген суреттер, «Алтын жүректер» қаланың картасы, үнтаспа, ақ парақ, түрлі - түсті қарындаштар, әр балаға қағаздан қиылған жүректер, әдемі бейнеленген конверт.
Сөздік жұмысы: мейірімділік, достық, сыйластық, «Жақсылық жасауда - бақыт» №1 слайд
Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері.№2 слайд
Балаларды шеңберге жинап:
- қане, балалар, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- балалар, шеңбер неге ұқсайды?
- дұрыс айтасыңдар, шеңбер допқа, күнге, айға, жүзікке т. б. дөңгелек заттарға ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып бір - біріміздің бет - жүзімізді аңық көріп, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтамыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталайық:
Біздің топта балалар
Тату - тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
- Балалар, сендер мына сөзжұмбақты шешіп көріңдерші. №3 слайд

Жауабы: Алтын жүрек
- Дұрыс айтасыңдар, не себепті осы сөзжұмбақты шешіп отырмыз деп ойлайсыңдар?.№4 слайд
- Бүгін біз «Алтын жүректер» қаласына мейірімділік жолымен барамыз. Осы қалаға менің сұрағыма жауап бергендер ғана кіре алады. Ал менің сұрағым осындай:
- қандай жүректі біз «алтын» деп айтамыз?
Балалардың жауаптарын тыңдау (таза, ашық, мейірімді, қамқор, сүюші)
- Алтын жүректі адам деп кімді айта аламыз?
- Сара Алпысқызын №5 слайд
- Не себепті? (Оқушы жауабы)
Тағы басқа қандай жаңалықтар білеміз?
12 ақпан Сара Алпысқызының туған күні.
- Сондықтанда оқушылар Сара Алпысқызының туған күніне арналған әр түрлі плакаттар жасап жібереді екен. Сендер білесіңдер ме біздің мектепте жібергенін. №6 слайд
- Сендердің араларында қай баланы «алтын жүректі» бала деп айтуға болады? Неліктен олай ойлайтындар? №7 слайд
- Жақсы, менің сұрағымнан сүрінбей өттіңдер.
- Мінеки, біз енді «Алтын жүректер» қаласына кірдік, өйткені сендерде барлықтарында ашық, мейірімді, жылы, аялы жүректерің бар.№8 слайд
- Сендердің жауаптарын тыңдап, сендерде шынында алтын жүректерін бар екенін көзім жетті.
- қараңдар, балалар конверт ілулі тұр, кімнен екенін оқып жіберейін. Бұл хат қайдан келді деп ойлайсыңдар? Таба алмадыңдар. Ол хат Махаббат перизатынан екен. (конверттің ішінде сақина және хат ойын шартымен)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама