Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Microsoft Word мәтіндік редакторын қорытындылау
Сыныбы: 8
Тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік редакторын қорытындылау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында құжаттарды құру, форматтау, кесте құру, мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру арқылы оқушылардың білімін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету
шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, практикалық жұмыс.
Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта,
электронды оқулық, плакаттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу;
• Оқушыларды түгелдеу;
• Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 кезең: «Миға шабуыл» өткен тақырыптар бойынша сұрақ - жауап.
- стиль
- шрифт
- шрифтің размері
- жартылай қарайтылған
- курсив
- асты сызылған
- ортасы бойынша туралау
- оң жақ шеті бойынша туралау
- оң және сол жақ шеті бойынша туралау
- нөмірлеу
- маркер қою
- түспен бояу
- шрифт түсі

Форматтау режимдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдатылған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)

2 - кезең: Практикалық жұмыс
Үш топқа үш түрлі тапсырмалар беріледі. (15 минут)
1 - топ:
1. Мектеп кластарының балалар саны туралы мәлімет
2. “Рахат” кондитерлік цехының өндіретін тағам түрлері
3. Мектеп кітапханасындағы кітап саны, сапасы туралы мәлімет
4. Оқушылардың ҰБТ - дан алған балдары туралы мәлімет
2 - топ:
Грамота, алғыс хат, сертификат, құттықтау қағаздарын жасау;
3 - топ:
Геометриялық фигуралармен суреттер салу.

Сергіту сәті:
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3 - 4 рет айналым жаса.
• Соншалықты айналым солға қарай жаса.

3 - кезең: «Сиқырлы шарлар мен тәтті алмалар»
Қорытынды.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама