Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Mid Night немесе автострада бойынша 300 км/сағ

Жапонияда, дәлірек айтқанда Токиода, түнгі автодаңғылда көліктер сағатына 250+ километрмен жүйіткитін бір қызықты жарыс болған. Автодаңғылдың ең танымалының бірі Shuto Expressway Bayshore Route немесе жай ғана Wangan-sen болды. 

1985 жылдары көше шабандоздар (Mid Night) түнгі уақытта мотоциклмен жүріп, қарапайым жүргізушілердің жолын кескестеп, үрейлерін алып жүрген Bosozoku бандасына қарсы тұруды шешеді.

Бірақ Mid Night клубына кез-келген адам қосыла алмаған. Оларды өте қатаң талаптар негізінде іріктеліп алынған элита деп атауға болады, орта есеппен клубта 30 адамдай болды. Қатысушылардың автокөліктері 250 км/сағ-тан астам жылдамдықпен жүйітки білуі тиіс.

Машинаға қойылатын талаптардан бөлек жүргізушіге де өте жоғары талаптар қойылған. Өйткені 250 км/сағ және одан жоғары жылдамдықпен зулайтын автокөлікті басқару оңай міндет емес еді. Сонымен қатар, ережелердің қатаң жинағы жарысқа қатысушылар мен қарапайым жүргізушілер үшін қандай да бір қауіпті жағдайлар туғызуға тыйым салды.  

Егер қатысушы осы ережені бұзса, ол клубтан кетуге және барлық ерекшелік белгілерін алып тастауға міндетті болды. Әр жаңа қатысушы бір жылға "тағылымгер" атанып, клубтың барлық жиналысына және жарыстарына қатысуға міндетті еді. Шамамен қатысушылардың 10%-ы клубтың тұрақты қатысушысына айналып отырған.

Полиция жарысушылармен ештеңе істей алмады, өйткені олардың көліктері шектеушінің салдарынан 180 км/сағ-тан жылдам жүре алмайтын.  Бұл жағдай тіпті "Форсаж" фильмиінің үшінші бөлігінде көрініс тапқан еді. Кейінірек полиция жылдамдықты шектемейтін, күшті және жылдам автомобильдерге қол жеткізгенмен, бұрыңғысынан да жылдам және қуатты бола түскен клуб көліктерімен бәсекелесуге қауқарсыз болды.

Клуб мүшелері түн жарымнан кейін белгіленген орынға жиналатын. Көбіне жарыс Байшордың бір бөлігінен өтетін. Жарысты қиындата түсу үшін,  қозғалыс бағытын өзгертіп отыратын. Егер жарыс ұзаққа созылып, ешкім жеңе алмаған болса (әдетте басқа қатысушының назарынан тыс кету жеңіс болып саналған), онда қатысушылар Bosozoku жеңімпазын анықтағанға дейін кері қайтып, жарысты қайта бастайтын.

Қатысушыларға аты-жөнінен басқа өзінің жеке өмірі туралы немесе өзі жайлы қандай да бір мәліметтерді айтуға тыйым салынған. Егер клубтың екі қатысушысы дос болса, олар оны жасыруға тиіс еді.

Кездесу орны телефон арқылы бақылауды болдырмау үшін жергілікті газетте жарияланатын. Хабарландыру әдетте өткен кездесу соңында айтылған қандайда бір затты сату туралы, мысалы: "Күміс алқа сатамын. Сейсенбі күні сағат 12 мен 2 аралығында Даикоку тұрағында кездесуге дайынмын" дегендей мәтіндегі хабарланырулармен құлақтандырылатын.

Mid Night өз ғұмырында жарыстарға көптеген шақырулар алған. Әр командадан бір қатысушыдан таңдалатын және шабандозы үш айналым бойынша жеңген команда жеңісті иеленген.

1999 жылы клуб таралды. Сондай жарыстардың бірінде, жұма күні, таңғы 3-те Mid Night Bosozoku шабандозымен жарысты. Айналым кезінде 250 км/сағ жылдамдықпен байкерлердің бірі трафикте орағытып отырып, көлігін басқара алмай байкпен басқа бір көлікті жанап өтіп, тізбекті реакцияны іске қосқан. Нәтижесінде екі байкер оқиға орнында қаза тапты, сегіз көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, оның алтауы қарапайым жүргізушілер еді. Бір болжам бойынша — байкер мас болған деседі.

Клубтың қатаң ережелеріне сәйкес, олар клубты тарқату керек еді. Ереже қарапайым болды — егер біреу клуб қызметінің кесірінен зардап шексе, онда клубты бірден тарқату керек. Міне дәл сол түні Mid Night өзінің ғұмырын аяқтаған болатын.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама