Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов. Наурыз
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушыны Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, негізгі идеясын анықтау. Өлеңді қарасөзбен әңгімелеуге үйрету.
2) Дамытушылық: оқудың түрлерін қолдана отырып мәнерлеп оқуларын, танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуге, өзгелердің ой - пікірін тыңдай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивтік тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ш. Құдайбердіұлы. Жаз келер. Өлеңді жатқа айту.
Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?(слайдтан ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы суреттерін көрсету)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Наурыз қандай мереке? Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама