Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Модульдік оқыту әдісін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану

Шымкент қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің
Ағылшын тілі оқытушысы: Өтегенова Динара Боранәліқызы

 

Қазіргі ақпараттық қоғамда  өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін оқыту әдістері оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны сөзсіз. Соңғы жылдары  тіпті ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы  білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Жаңа заман оқытушыларына  нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және де оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін  әдістер мен технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен,  модульдік оқыту әдісін оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) маңыздылығы және оларды тиімді пайдалану мәселесінің әлі де болса жеткілікті дәрежеде  өңделмеуі себепті маған зерттеу жұмысымның мәселесін айқындауға және тақырыпты «Ағылшын тілін оқытудағы модульдік оқыту әдісі» деп тандауыма негіз болды.        

Сонымен, модульдік оқыту ол  - оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оқушы өз әрекетін   жоспарлайды, талдайды, өзі бақылай білуге үйренеді. Жалпы педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылған. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі.

Модульдік оқыту элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі болып табылады.

Мен бұл тақырыпты алудағы басты мақсатым: ағылшын тілін оқытуда модульдік оқыту әдісін пайдаланудың тиімділігін  теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Сондағы тәжірибе барысындағы оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті,қажетті жағдайда ауызша және жазбаша  (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік – мәдени білім, білік дағдылар енгізу.            

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).

Аталмыш модульде кіріспе – қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Мысалы мен өзімнің өткізген сабағымды үлгі ретінде көрсетіп, түсіндіргенім абзал.Ең алдымен сабақ жоспары,танысу сосын тақырыпты табу мақсатында қызықты видео көру арқылы өтетін сабақ тақырыбын табу міндет.

Course of a lesson

I. The organizational moment.

T: Good afternoon pupils , I ‘m glad to see you. Sit down,please.

Who is on duty today? Which class are you in? What date is it today?Who is absent today?

Would you like to make some compliments to each other. For example: Miss Mika thanks to you for support (students say compliments) Thank you. It is very important to be polite. Now you should be divided into three groups.

II.The main part.

T: Let’s start the work. Let’s watch the video episode and try to guess  the topic of our lesson. (The pupils look through a videoroller) What is the theme of our lesson?

Yes, and today we’ll speak about fashion, clothes, its  patterns, style and materials.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Lesson object:

Ø to develop reading skills and speaking, translating.

Ø to practice skills of monologue and dialogue speech on the topic “Clothes and  Fashion”.

Ø to develop speech, memory and thinking of pupils.

      Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде оқытушы:

а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының “қабылдауына”, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

        Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендім:

1.     Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын,

қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

2.     Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.

3.     Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

4.     Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытты алған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.

5.     Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

 

Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны оқытушы үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Оқытушы модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі. Модульдік оқытудың ерекшелігі: оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, оқушыны көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс  болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.   

Осындай кездерде оқытушы оқушылардың жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.

Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

1.     оқытудың жалпы мақсатын қою;

2.     жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3.     оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;

4.     оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);

5.     нәтижені бағалау енеді.

            Осының арқасында оқу процесі “модульдік” сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқытудың осы нұсқасын құруда мен толық меңгеру әдістемесінің негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандым. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгізіп: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б.ұмтылдым.

Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында оқытушының қызметі төмендегіше құрылады:

1.     Оқушылардың оқу мақсаттарымен таныстыру.

2.     Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.

3.     Оқытуды жүргізу (негізінен оқытушы оқу материалын өзі баяндауы түрінде).

4.     Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.

5.     Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.

6.     Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.

7.     Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесін дамыта оқыту іске асырдым. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Ойын оқушының барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда оқушының барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюге, тілінің дамуына, байланыстыра сөйлеуін дамытуға, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

Өз сабақтарымда, сабақтан тыс жұмыстарда әр түрлі танымдық ойындарды жиі қолданамын.

Менің тәжірибе барысындағы зерттеу мәселем күрделі болуы себепті оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге де болмайды. Келешекте, күнделікті қоғамда болып жатқан өзгерістерге сай, модулдік оқытуды пайдалана отырып ағылшын тілін оқыту  тиімділігін арттыру мәселесі әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Қорыта келгенде, ағылшын пәнінен өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама