Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Министр оқу жылын ұзартудың пайдасын өзін мысалға келтіре отырып түсіндірді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бес күндік оқу аптасы мен оқу жылының 10 күнге ұзаруының пайдасын өз үлгісінде түсіндіріп берді.

"Жаз - мектеп оқушылары үшін ең жақсы көретін мезгіл. Сенбі де өте маңызды күн. Ол болмаған еді. Ол балаларға да, ата-анаға да қажет. Барлық өркениетті әлем жанұядағы қарым-қатынастың орнауын және оның маңызды екенін түсінеді. Бір күннің жеткіліксіз екені рас. Біз жалпы айтқанда жанұядағы тәрбие мен баланың қосымша дамуына уақыт беріп отырмыз. Спортпен, музыкамен, өнермен айналысуға мүмкіндік ашылады - бұл өте маңызды", - деді министр.

Оның айтуынша, бірінші сынып оқушысы сенбілер арқылы 34 қосымша демалыс алады.

"Енді жазға келсек. Бастауыш сыныптар 31 мамырға дейін оқып, толық үш ай демалады. Негізгі және жоғарғы сыныптардың оқу жылы он күнге ғана ұзарады. Ешбір сынып 10 маусымнан кеш аяқтамайды. Бірақ ұмытпаңыздар - сенбілердің арқасында олар 24 қосымша демалыс алады", - деп еске салды Сағадиев.

"Оқу бағдарламасының жүздеген әдіскердің, мұғалімнің және ғалымның жұмысының нәтижесі екенін түсіну керек. Бала белгілі бір тақырыптар мен деңгейлерді меңгеруі керек. Мәселен, физикадағы оптиканы алайық. Бағдарламаны қысқартқысы келетіндер былай дейді: "Оптика бөлімін алып тастаңыздар, өте ыстық". Мұны қалай түсінесіздер? Бала жарықтың табиғатын түсінбейді, спектрлердің бөлінуінен хабары болмайды. Әрбір келесі деңгей алдыңғысының базасында құрылған. Сегізінші сыныпқа барсаң - жетінші сыныптың білімі болуы керек, солай сияқты әрмен қарай. Барлығының негізі бар әрі өзара байланысқан", - деді министр.

"Мен мәселен, Алматыдағы физика-математика мектебінде оқыдым. "Ол жақта "жаз" деген түсінік болған жоқ. Жазға Сканавидің ілімі бойынша 300 тапсырма беріледі, ол балалар мұның барлығын ұмытып қалмауы үшін беріледі. 90 күнге есептесек, бұл күн сайын 1,5 сағат отыру дегенді білдіреді, күн сайын. Жазда. Бірақ мен еш өкінбеймін. Ата-аналарға былай дегім келеді: балаларды жақсы көру керек, бірақ олардың болашағы олардың бүгін қанша жұмыс істегеніне байланысты болады. (...) Бұл мәселе мұғалімдермен және директорлармен келісілді. Бұл олардың арманы. Сенбі олар үшін өте маңызды", - дейді министр.

kaz.tengrinews.kz


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама