Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 12 сәу. 2026 06:00
- 25
Мөлдір Әуелбекованың өзін «аңыз әншілермен» қатар қойғаны желіні шулатты
Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жазбасымен жұртшылықтың назарын аударды. Ол өзін қазақ эстрадасындағы аңыз әншілермен бірдей санатқа қойғандай әсер қалдырып, желіде қызу пікірталас тудырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, гастрольдік сапармен бүкіл Қазақстанды аралап, жеке концерт беретін қыз әншілердің саны өте аз. Ол тізімге өзін де қосып, былай деп жазды: «Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Роза Әлқожа, Наркенже және мен. Неге?»
Желі қолданушыларының пікірі
Бұл пікір көпшіліктің көңілінен шықпады. Желідегілер әншінің өзін халық әртістерімен бірдей дәрежеге қойғанын сынға алды. Кейбір пікірлерде «Самооценка мықты, өзін легендалардың қасына қосып қойыпты» деп мысқылдаса, енді бірі «Маржан Арапбаева, Меруерт Түсіпбаева, Дильназ Ахмадиева… толып жатыр ғой. Өзіңе көп алып қойған сияқтысың» деп жазды.
Әншіні қолдағандар да табылды
Дегенмен, әншіні қолдағандар да табылды. Олар Мөлдір Әуелбекованың гастрольдік концерттерінің сұранысқа ие екенін айтып, «Әніңіз көп болғандықтан, хит болғандықтан» деп пікір білдірді. Бұл жазба әлеуметтік желіде тез таралып, шоу-бизнес ортасында қызу талқыға айналды.