Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 24 сәу. 2026 11:00
- 30
Молдир Мұқан алғашқы махаббаты туралы ашық сырлады
Танымал продюсер әрі әнші Молдир Мұқан өзінің жеке өмірі туралы алғаш рет ашық естеліктермен бөлісті. Әнші «Шәйдің қыздары» жобасында алғашқы махаббаты жайлы айтып берді.
Әншінің айтуынша, алғашқыда ол өз сезімдерін бірден қабылдамаған. Алайда, уақыт өте келе жігіттің назары оған ұнай бастаған.
«Бастапқыда «жоқ, маған ұнамайды, келмесін» деп айттым. Бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Бірақ біртіндеп мені баурап алды. Маған ұнайтын әшекейлер сыйлап, жүрегімді жаулады. Бұл менің алғашқы махаббатым деген ой кейін келеді. Әдетте бірінші қадамды жігіт жасайды, ал сен уақыт өте келе оны қабылдап, жақсы көре бастайсың», — деп бөлісті Молдир Мұқан.
Әншінің ашық әңгімесі желі қолданушылары арасында қызу талқылау тудырып, аудиторияның үлкен қызығушылығын оятты.