Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Мультимедиалық журналистика, жаңа тенденция

Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет.

Арнольд Мэтью

Өркениет, технологиялардың талпынды дамуы, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа жанрлар мен тенденциялар әкелді.
Ғаламтор дүниеге келді, адамзат жаңа цифрлық өркениетке көтеріліп, жаңа деңгейге жаңара түсті. Әрине, бұл өзгерістер журналистика саласын айналып өтпейді, тіпті тікелей әсер етеді.  Ғаламтордың келуі, және технологиялық революциялардың дамып, өзгеріске ұшырауы, дәстүрлі ақпарат тарату жолдарының жаңа түрі "Мультимедиалық журналистика" саласының пайда болуына жол ашты. 

Мультимедиалық журналистикаға интерактивтілік, жылдамдық және қолжетімділік сәйкес. Осы жаңа медиаконтекстінің арқасында қоғам өмірінде, жалпы журналистика аясында жаңа медиакеңістіктің негізі қаланды. Мысалы, республика аймағында таралған отандық газет- журналдардың, телеканалдардың өз ресми сайттары бар. "Егемен Қазақстан" газетінің сайты "egemen.kz", "Жас Алаш" газетінің сайты "zhasalash.kz", "Хабар 24" телеканалының сайты "24.kz" , "Қазақстан Ұлттық Арнасы" телеканалының сайты "qazaqstan.tv". 

Газетте жарияланған және телеканалда жарияланған ақпараттар сайтта да жарияланады, тіпті әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында да жарияланады. 

Әлеуметтік желі арқылы ақпарат тарату, бөлісу, пікір қалдыру, көру жаңа медиаға, яғни мультимедиалық журналистикаға кіреді. Жекеше танымал журналистердің де жеке парақшалары бар, мысалы: Нартай Аралбайұлының "YouTube", "Instagram" желілерінде жеке парақшалары бар, "YouTube" арнасында 460 мың оқырманы бар, және қаралым саны өте жоғары. 

Біршама ондаған жылдар бұрын, теледидар арқылы ақпарат көріп, білу үшін эфирде белгілі бір уақыт аралығында ғана көрсетілетін жаңалықтар аясын күту керек болатын, ал журналистер мақаласын жариялап, тарату үшін өте көп еңбек ету керек болатын. 

Мультимедиалық журналистика аталған мәселелердің түбегейлі шешімін тауып, қоғамға жаңалық тарату жеңілдене түсті, әрине бұл технологиялық жетістіктер арқасында мүмкін болды. Қазіргі таңда тіпті смартфондар мен планшеттерге арнайы жаңалық оқу қосымшаларының пайда болуы, ақпараттың тез және мобильді таралуына кепіл беріп, қолжетімді етті.  Ақпарат қазіргі таңда көбінесе әлеуметтік желілер: Telegram, Instagram, WhatsApp, YouTube арқылы мол тарайды, бөлек жеке сайттар да жеткілікті: Tengrinews.kz, Zakon.kz, nur.kz, kazlenta.kz.

Қазіргі жаһандану барысында, технологиялар әрі қарай дамып, түрлене түсетіні айдан анық, тіпті қоғам санасы өзгерсе де, дәл журналистика өз объективтілігін және инфоцентрлігін жоғалтпайды, бұл сала әрқашан жаңарып, өркендеп отырады. Сол себепті, мультимедиалық журналистика - ақпарат тарату эрасының басты қолтаңбасы.

Сырланов Сұңқар


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама