Мұнай, газ және көмірді өңдеу.Қазақстандағы пайдалы қазбаларды
Қостанай облысы, Рудный қаласы.
Химия пәні мұғалімі Калиев Ербол
Сабақтың тақырыбы: Мұнай, газ және көмірді өңдеу. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу және экологиялық аспектілері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұнайдың, газдың, көмірдің жоғары бағалығын, құрамын, қасиеттерін, мұнай өнімдерін, бензин, детонацияға төзімділігін қоршаған ортаны қорғау проблемалары шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; термиялық және катализдік крекинг туралы білу, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, кестемен жұмыс, баяндау, иллюстрация, репродуктивтік әдіс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, лабараториялық мұнай құймасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасы тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Қазақстандағы мұнай және газ кен орындары. Қазақстандағы мұнай - газ және көмір өнеркәсібінің дамуы. 2 минут
І. Сұрақ – жауап:
1. Көмірсутектердің табиғи көздерін ата.
2. Мұнай дегеніміз не? Мұнайдың физикалық қасиеттері қандай?
3. Мұнайдың құрамына кіретін заттарды атаңдар.
4. Табиғи газдың құрамы қандай?
5. Табиғи газдың мұнайға серік газдардан қандай айырмашылықтары бар?
6. Қазақстандағы ірі газ, мұнай, тас көмір кен орындары туралы не білесіңдер?
ІІ. 1 нұсқа. Тестермен (Электронды түрде жауап береді)
1. Мұнайды жеке зат деп есептеуге бола ма:
а) болады, себебі ол табиғаттан шикізат ретінде өндіріледі; ә) ол қолдан жасалған жасанды
қоспа; б) жоқ, себебі ол көмірсутектердің табиғи қоспасы; в) жоқ, себебі ол күрделі
бейорганикалық қосылыстар қоспасы?
2. Танкерден теңізге мұнай төгілді. Бұл экологиялық мәселенің қандай типіне жатады:
а) табиғат ресурстарының таусылуы; ә) табиғат ортасының ластануы; б) тірі ағзалардың құрып кетуі; в) жаңа мұнай сақтау қоймасының пайда болуы?
3. Мұнай өндірудің қандай көрсеткіші оны өндіру мен пайдаланудың артып келе жатқандығын көрсетеді:
а) ешқандай; ә) экологиямызды төмендетті; б) экономикамызды арттырды; в) халықтың тұрмысының көтерілуі?
4. Табиғи және мұнайға серік газдың қайсысы құрамы жағынан бай:
а) табиғи; ә) мұнайға серік газ; б) екеуі бірдей; в) табиғи газдың құрамы тұрақты?
5. Табиғи газдың құрамында метаннан басқа мына газдар бар:
а) этан, этилен, ацетилен; ә) этан, пропан, бутан;
б) бутан, пентан, изобутан; в) пентан, гексан, гептан?
2 нұсқа «Дұрысын тап» ойыны
Табиғи газ болса«Т», мұнайға серік газ болса«М» деп белгілеу қажет.
1. Оның 80 - 96% - ы метаннан тұрады.
2. Үш фракцияға бөлінеді: құрғақ – газ, пропан - бутан қоспасы, газды – бензин.
3. Химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат.
4. 1 м3 жаққанда 54400 кДж жылу бөлінеді.
5. Сутек, ацетилен, ароматты және қанықпаған көмірсутек алынады.
3 нұсқа Сауалнама
• Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз?(Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Ақтау)
• Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?(бензин, лигроин, керосин, газойль)
• Детонация деген не?(бензиннің қопарылыс түрінде жануы)
•Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу. (пиролиз)
• Мазуттың айдалмайтын бөлігі?(гудрон)
• Газойлдан не өндіріледі? (дизель)
4 нұсқа химиялық диктант
Мәтін
Табиғи газ молекулалық ____________________ көмірсутектер қоспасынан тұрады.
Оның - ы метаннан, ал қалған бөлігі метанның жақын гомологтары - _______, ________, ________ құралған. Мұнайға серік газдар мұнайда _____________ күйінде болады немесе _________________________ жатады негізгі құрам бөлігі ___________ болып табылады. Мұнайдың негізін __________, _____________ және ___________ көмірсутектер құрайды. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны _____________________ атайды. Тазарталған мұнай __________________ деп аталады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бейне дерек «Әлеует»
ІV. Постермен жұмыс (Оқушыларға алдын - ала берілген тапсырма бойынша)
1 топ Мұнайды өңдеу
2 топ Көмірді өңдеу
3 - топ Газды өңдеу
4 - топ Экологиялық аспектілер
Екі жұлдыз, бір тілек (Топтар бір - біріне қорғаған жобалары бойынша тілек, ұсыныс айтуы)
V. «Орнын тап» ойыны 2 мин
Интерактивті тақтада мұнайдан, газдан, тас көмірден алынатын өнімдер берілген. Сәйкес өнімдерді тиісті орнына қояды.
Өнімдер жазылады: 1. керосин, 2. ацетилен, 3. балауызшам, 4. шиналар бояуы, 5. вазелин, 6. этанол, 7. бензин, 8. пластмасса, 9. этиленгликоль, 10. қопарғыш заттар, 11. кокс, 12. толуол, 13. бензол, 14. дәрі - дәрмек, 15. сахарин.
VI. Терминмен жұмыс (Оқушылар дәптерге жазады)
Крекинг -
Реформинг -
Детонация -
Термиялық крекинг -
Катализдік крекинг -
VII. Деңгейлік тапсырмалар есеп шығару.
1. Жылына жер қыртысына 3, 6 млрд. тонна мұнай өндірілді дейік. Егер ол сыйымдылығы 60 тонналық цистерналармен тасылатын болса, онда 50 цистерна тіркей алатын қанша пойыз керек?
2. Автомобиль 100 км жол жүргенде 20 м3 пропан газын жағады. Автомобиль 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ. ж) ауа жұмсалады?
VIII. Сабақты қорытындылау: Альтернативті тест
• Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды. «+»
• Мұнай суда ерімейді «+»
• Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»
• Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды «-»
• Бензиннің қопарылыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «-»
• Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»
IX. Проблемалық сұрақ «Сіздіңше зауытты қай жерден салған дұрыс?»
Интерактивті тақтада қала, ауыл, өзен, құбыр және мұнай зауыты берілген. Оқушы экологиялық және экономикалық жағынан тиімді жерді таңдап, зауытты орналастырады және себебін түсіндіреді.
Бағалау: Әр топтағы оқушылардың бағалау парағындағы ұпай санын есептеп, бағасын қою.
Үйге тапсырма: