Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ой жүйрік
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебі.
Математика пәнінің мұғалімі
Танжанова Майгүл Қабдоллақызы

«Ой жүйрік» атты ойын - сайысы.
8, 9, 10 сынып оқушылары арасында математика, физика, информатика сабақтарынан кіріктіріліп өткізілді.

Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Ой жүйрік» атты ойын - сайысына қош келдіңіздер!

І кезең: Бой сергіту, яғни сабаққа қатысы жоқ сұрақтарға жауап беріп, бойымызды сергітіп алайық.
• Әлемде ең арзан саяхат жасайтын не? / хат/
• Пойыз қай уақытта судың үстінде жүреді? / көпірдің өткенде/
• Қандай жұлдыздар күндіз де түнде де көрінеді? / кино, эстрада жұлдыздары/
• Жарылған соң қолданылатын нәрсе не? /жұмыртқа/
• Тістері бар, бірақ тамақ жемейді. Ол не? / тарақ/
• Теңізде қанша балық бар? / бүгінгі күнге дейін ауланбағандар/
• Адамдар киімді неге сатып алады? / тегін бермегені үшін/
• Әйел затының ең қауіпті жасы? / көз жасы/
• Әрбір адам кімнің алдында бас киімін шешеді? / шаштараздың алдында/
• Бізге тиесілі, бірақ оны басқалар көп олданады? / есім/
• Аспанға лақтырғанда жерге құламайтын нәрсе? / құс /
• Ең алғаш туды кім тіккен? / тігінші/

ІІ кезең: Байланыс
Бұл кезең тез ойлану, жылдам шешу орынды жауапты қажет етеді. Топ екіге бөлініп тұрады: біреуі - нұсқаушы, екіншісі – жауап беруші. Бір сөз таңдаймын. Нұсқаушы 3 рет нұсқау жасайды. Екіншісі жауап береді. Бәс тігеміз. Неше нұсқаудан соң жауап бере алады?

Бірінші жұпқа сұрақ:
1. Бұл зат өте кішкентай. Ол үлкен жылдамдықпен қозғалады және тербеледі (25 ұпай).
2. Ол барлық заттарда болады және әр заттарда әртүрлі (15 ұпай).
3. Ол атомнан тұрады(5 ұпай).
Жауабы: Молекула

Екінші жұпқа сұрақ:
1. Ол әртүрлі болады. Оны біз табиғатта көре аламыз және тәжірбиеде ала аламыз (25 ұпай).
2. Ол тартылады, тебіледі, жарқырайды немесе жылытады(15 ұпай).
3. Ол электрлік, механикалық, жарық, жылу және магниттік болады(5 ұпай).
Жауабы: Физикалық құбылыс.

Үшінші жұпқа сұрақ:
1. Ол жоғары, төмен немесе қалыпты бола алады. Оның көмегімен біз тамақтанамыз. Ал жоғарыда ол басқаша(25 ұпай).
2. Одан адамның өмірі ғана емес, сонымен қатар жануарлардың да өмірі тәуелді(15 ұпай).
3. Оны барометрмен өлшейді(5 ұпай).
Жауабы: Атмосфералық қысым.

Төртінші жұпқа сұрақ:
1. Ол өте кішкентай, нөлге тең болуы мүмкін және материядан бөлек бар бола алмайды(25 ұпай).
2. Одан үлкен және кіші, қара және ақ, суық және ыстық кейбір денелерінің әрекеттесуі тәуелді(15 ұпай).
3. Оны электроскоппен көрсетуге болады(5 ұпай).
Жауабы: Электр заряды.

Бесінші жұпқа сұрақ: Бұл қай ғалым?
1. Ол – бірінші ғалымдардың арасында соғысқа қызмет еткен және құрбандыққа шалынған ең бірінші ғалым(25 ұпай).
2. Ол үлкен ойлап шығарушы. Оның жаңалығымен біз әр жұмада кездесеміз(15 ұпай).
3. Аңыз бойынша, оған «Эврика!» көтеріңкі дауысы жатады(5 ұпай).
Жауабы: Архимед.

Бірінші жұпқа сұрақ:
1. Бұл әркімнің өмірінде болатын жағдай. Кейде – жазатайым, кейде – әдейі(25 ұпай).
2. Егер далада тайғақ жол болса, онда ол жазатайым болады. Ал егер баскетбол және бейсбол ойыны болса әдейі болады(15 ұпай).
3. Алманың көмегімен И. Ньютон заңын ашты. (5 ұпай).
Жауабы: Еркін түсу.

Екінші жұпқа сұрақ: Бұл әйгілі ғалым кім?
1. Білімі бойынша инженер, ол 23 жасында философиялық доктор атағына диссертация қорғаған(25 ұпай).
2. Бастысы бұл ғылыми жетістік белгісіз ғылым облысында оның атын шығарды (15 ұпай).
3. Тірі адамның қаңқа бөліктерінің құрылуын бірінші болып көрген адам
(5 ұпай).
Жауабы: Вильгельм Конрад Рентген.

Үшінші жұпқа сұрақ:
Қара жәшікке қандай дене жатыр?
1. Бұл дененің көмегімен Паскаль заңын және газдың тығыздығын көрсетуге болады(25 ұпай).
2. Онымен кейбір спортшылар дос(15 ұпай).
3. Ол жердің пішініне ұқсайды(5 ұпай).
Жауабы: шар, доп.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама