Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері, мутациялық өзгергіштіктің ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру
2. Дамытушылық: Өзгергіштіктің түрлері туралы білімдерін терең дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларға салт - дәстүрді сақтай білуге, өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Топтық, жек жұмыс
Сабақтың әдісі: Ынтаны дамыту, әңгімелеу, тірек сызба, түсіндірмелі, салыстыру.
Оқыту технологиясы: Ақпаратты компьютерлік технология.
Пәнаралық байланыс: генетика
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, арнайы құрастырылған слайдтар, тірек – сызба

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткенге шолу
III. Үйтапсырмасын тексеру
а) топтық жұмыс
IV. Үй тапсырмасын бекіту
V. Жаңа сабақ
VI. Бекіту
VII. Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма беру
IX. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі
• Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Психологиялық дайындық: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тілек айту
II. Өткенге шолу: Үлестірме қағаздар тарату
III. Үй тапсырмасын тексеру: Екі топқа бөлі. 1 - топ генотип, 2 - топ фенотип
а) топтық жұмыс
1 - тапсырма. Менен сұрақ, сенен жауап
2 - тапсырма: «Мені таны» терминдерге анықтама
3 - тапсырма: кесте толтыру

IV. Үй тапсырмасын бекіту:
Өзгергіштіктің неше түрі бар?
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік не деп аталады?
Тұқым қуалайтын өзгергіштік не деп аталады?

V. Жаңа сабақ:
Мутациялық өзгергіштік
Гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгерісті айтады. Мутация» терминін алғаш Г. Де Фриз өзінің «Мутациялық теория» атты классикалық еңбегінде пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген.
Мутация
 Гендік
ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруі. ДНҚ - дағы нуклеотидтердің орын алмасуы Код Шекарасы «оқылуының»өзгеруі.
Гендік аурулар
А) аутосомда доминантты
Б) аутосомды рецессивті
С) жыныспен тіркескен рецессивті
 Хромосомалық: Хромосомалар құрамындағы бүтін хромосоманың мөлшеріндегі және пішініндегі өзгерісі.
 Геномдық
Полиплоидия кезінде хромосомалар саны гапплоидті жиынтыққа еселеніп артады. Мысалы: Полидактилия – алтысаусақтылық. Сидактилия – саусақтардың бірігуі
Гетероплоидия деп хромосомалар санының еселенбей артуын немесе кемуін айтады. Мысалы: Даун ауруы. Хромосоманың 21 - ші жұбында 1 хромосоманың артық болуы
Белгілері:
Жалпақ бет
Ашық ауыз
Үлкиген тіл
Кішіриген мұрын т. б

Полиплоидия мен гетероплоидия геномды мутацияны құрайды.
Адам генетикасын зерттеу әдістері.
Адам генетикасы – адамның тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейді.
Адам генетикасының алдына қойған мақсаты – тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүзеге асыру
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері.
 Генеологиялық әдіс.
 Цитогенетикалық әдіс.
 Егіздік әдіс.
 Биохимиялық әдіс.
1. Гениологиялық әдіс. Бұл әдістің ерекшелігі – адамның ататегіне шешрелік сызбанұсқа құрылып, оған талдау жасалады. Талдау нәтижесі сол адамға қандай да бір айрықша белгінің немесе аурудың бірнеше ұрпақ бойы туыстары арасында тұқым қуалау ерекшелігі анықталады. Бұл әдіс зерттеу жүргізуге өте қолайлы. Мысалы. Гемофилия ауруы.
2. Цитогенетикалық әдіс.
Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып, тұңғыш рет 1956 жылы Дж. Тийо мен А. Леван қалыпты жағдайда адамның дене
жасушаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп - жыныстық хромосомалар болғандығын анықтады.
3. Егіздерді салыстыру әдісі арқылы егіздердің дамуын зерттейді. Егіздер бір жұмыртқалы клеткасынан және екі жұмыртқалы клеткасынан дамиды.
4. Биохимиялық әдіс. Бұл әдістің көмегімен гендік мутациялар нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды, яғни зат алмасу бұзылуының ауруларын анықтайды. Жиі кездесетін ауруларға қант диабеті, т. б жатады. Артықшылығы: ДНҚ - ға талдау жасау арқылы баланың ата - анасын дәл анықтауға болады. (Шығыс Қазақстандағы Алтай тауынан табылған «Алтын адам»)

VI. Бекіту:
Мутацияылық өзгергіштік дегеніміз не?
Мутация терминің ғылымғы кім енгізді?
Адамның туқымқуалаушылығын зерттеудің неше әдісі бар?

VII. Қорытындылау:
Мутациялық өзгергіштік
Гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгерісті айтады
Мутация терминін ғылымға ең алғаш Г. Де. Фриз енгізді
Мутацияның гендік, хромосомалық, геномдық деген түрлері бар
VIII. Үйге тапсырма беру:
§29, 30, 44 сурет
IX. Бағалау: Жинаған тулары арқылы бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама