Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Топ: «Балдырған».
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу.
Мақсаты: Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық).
Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметтік ұғындыру.
Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: көне, қазіргі замандағы ыдыстар.
Қос тілдік: ыдыстар - посуда.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын көк аспан!

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мен бүгін таңертең балабақшаға келсем, біреу есік алдында сандық тастап кетіпті.
- Олай болса, мына сандықты ашып көрейік пе?
- Балалар, мынау нелер деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, бірақ бұл ыдыстары біз күнделікті тұрмыста көреміз бе? Бұл - Қазақ халқының ыдыстары.
Олар: ожау, торсық, тостаған, кесе.
Олар көбінесе ағаштан, теріден жасалған ыдыстар.
«Ожау, торсық, кесе, тостаған» сөздерді буынға бөлу.
(Қазіргі заманда пайдаланатын ыдыстар суреттерін көрсету)
- Ал, мынау қандай ыдыстар?
- Қазіргі заманда пайдаланатын ыдыстар неден жасалған?
Сөздерді буынға бөлу.
Сөздік жұмысы: көне, қазіргі замандағы ыдыстар.
Қос тілдік: ыдыстар - посуда.

Ойын: «Бұл қай ыдыс?»
Мақсаты: Балаларды көне және қазіргі заманғы ыдыстарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін сипаттауға үйрету

Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыс - ыс - ыс
Болсын мол ыр - ыс,
Болып қапты қ - ыс
Аман болсын ту - ыс,
Ыдыстарды жу - ыс.

Ойын: «Көңілді доп».
Мақсаты: Ыдыстардың аттарын дұрыс атауға үйрету.
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек.
Ескерту: бірінің айтқанын бірі қайталамайды.

Сергіту жаттығуы.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бұрыл.
Сағаттың тіліңдей,
Иіліп солға бұрыл.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.

Д/о: «Айгуль қуыршаққа қонаққа барамыз»
Мақсаты: Қонақ жайлылыққа тәрбиелеу, ыдыстарды дұрыс пайдалануға дағдыландыру
- Балалар, ыдысты қалай пайдалану керек?
- Ыдыстарды сындыруға бола ма?
- Неліктен болмайды?

Үлестермелі материалмен жұмыс.
Д/ойын: «Ыдыстарды топтастыр»
(асүйлік, асханалық).

Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;
Игереді: жаңа сөздерді;
Меңгереді: «Ы» дыбысын ажырата біледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама