Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе
Қазақ әдебиеті 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе (презентациясымен)
Мақсаты: Білімділік: Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс - әрекетіне, автор көзқарасына бойлау;
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялап, баптап күтуге үндеу, адамгершілікке тәрбиелеу
Түрі: жинақтау, қорытындылау сабағы
Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану, ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жобалау сызбалары, иллюстрациялық суреттер
Пәнаралық байланысы: кино өнері, музыка
Барысы: 1. Ұйымдастыру
Балалар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше қазір бар ынта - ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ...
Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут
Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?
Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.
Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері
Жабылыпты Көксерекке көп төбет
- Олай болса, біз өткен шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?
- Әрине, Көксерек пен оның иесі және адамдар іс - әрекетіне байланысты дамиды. Олай болса, біз қазір «Адамдар» және «Қасқырлар» тобы болып екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Байқаған болсаңыздар, кейіпкерлер іс - әрекеті шығарманың әр бөлімінде әр қырынан көрінеді. Соған сай негізгі оқиғаны өз қиялдарыңызбен бейнелеп, сурет салып келу тапсырылған болатын және біз алғаш мәтінмен танысқан кезде, кейіпкерлер іс - әрекетін анық айыру үшін негізгі оқиғаларды жобалау сызбасына да түсіріп отырдық. Міне, осындай тапсырмаларды топ болып жинақтап қорғайсыздар.
«Адамдар» тобы – қазір сол салған суреттеріңізді жинақтау арқылы шығарманың
композициялық құрылысына талдау жасау жобасын қорғайсыздар.
«Қасқырлар» тобы – жобалау сызбаларыңызды жинақтап, модель құрасыздар. (2 мин)
Мағынаны тану.
Жазушы адам мен табиғат арасындағы байланысты, түрлі қайшылықтарды шебер көрсете білген. Кішкентай Құрмаштың трагедиясы сендерге де ой салары анық.
Олай юолса, кейіпкерлер характерін терең тану үшін шығарманың өн бойына зер сала үңіліп талдау жасасақ.
1. Кестемен жұмыс «Қасқырлар» тобы
Жер - су атаулары: Қарадыр
Шөп, өсімдік атаулары: Итмұрын
«Адамдар» тобы
Кейіпкерлер ---------------- Іс - әрекеті -------------------- Мінездеме
Құрмаш ---------------------- Күшікті асырайды ----------- Мейірімді
2. Кубизм
СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңіз
САЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
ЗЕРТТЕ – Қасқыр туралы не білеміз?
ҚОЛДАН – Көксерек туралы ел адамдары не деді?
ДӘЛЕЛДЕ – Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
3. Шығарма эпизодын мазмұндап жазу
«Адамдар» тобы
Көксерек бастаған қасқырлардың ат шаналы жалғыз жолаушыны қамаған сәтін мазмұндап жазып, ат қойыңдар.
«Қасқырлар» тобы
Түйелі адаммен қақтығыста Көксеректің жараланғаны суреттелетін сәтті мазмұндап жазып, лайықты ат қойыңдар.
4. Талдау сұрақтарына еркін жауап берсек...
• Көзін ашпаған кішкентай кезінен жақсы көріп асыраған, талай рет талаған иттерден, өштескен үлкендердің қолынан аман алып қалған Құрмашты Көксерек танымады ма, әлде аштық жеңді ме? Тағы қандай себептері болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
• Адамдардың Көксеректі күшік кезінде өз ұяластарынан ажыратуы дұрыс па?
• Көксерек жауыздық іс - әрекет жасағанына кінәлі ме?
• Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
5. Кестемен жұмыс
«Қасқырлар» тобы
«Адамдар» тобы
6. Жазушының шұрайлы тілімен жазылған шығарма өздеріңізге ұнады ма? Несімен? Кестемен жұмыс
Шығарма несімен ұнады?
Саған ұнаған кейіпкер
Жасаған қорытынды
• Қасқырлар туралы қандай мақал - мәтел білесіздер?
• Осы шығарманың жазылу тарихына не себеп болған?
- Міне, осындай шоқтығы биік шығарма желісі бойынша түсірілген фильмнің кино тарихына шолу жасасақ. (Слайд көрсетіледі)
● Ал енді бір сәт болжау жасап көрсек
1. Қалай ойлайсыздар, қасқырды қолға үйретуге бола ма?
2. Оқиғаны сіз қалай аяқтаған болар едіңіз?
3. Қасқырды түгел құртып тастауға бола ма?
● Музыка тыңдалады («Мир животных»)
o Осы музыканы тыңдағанда көз алдарыңа қандай көрініс елестейді?
o Олай болса, осы шығарма арқылы қандай ой түюге болады?
(Табиғатқа қиянат жасама, адамзат)
Белгілі жерлес ақынымыз Қ. Мырзалиевтің мына ойына назар аударайық
Хайуанатқа жасаған қиянатың,
Адамзатқа жасаған опасыздық,- дей отырып, «қасқыр», «адам» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік
Үйге: «Адам және табиғат» шығарма жазу
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.