- 04 нау. 2024 23:45
- 258
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Тұжырымдар жасау, ой қорыту әрекеттерін салыстыру және сабақтастыруды, жалпы болжам жасап білуді үйрету.
Дамытушылық. Өз беттерімен еңбектену сезімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ізгілік қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Оқыту әдісі: Дамыта оқыту
Көрнекіліктер: Схема – плакаттар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім сөзі:
Бүгін сабағымыз М. Әуезовтің шығармашылығын талдауға арналған сабақтарымыздың жалғасы. Әуезовтің әңгімелерінің ішіндегі тілі жатық жазылғаны «Көксерек». Ал бүгінгі сабақтың мақсаты: тек бір әңгімесі арқылы ғана классик суреттер екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың негізгі бөлімі тапсырмалар бойынша класс топтық жұмыс жасайды.
«Мені түсін» ойыны
Ойынның шарты:
5 топтан бір – бір оқушы шығып, ортада тұрған үстелге барып отырады. Оларға берілетін шарт төмендегіше:
«А» үстелі. Көзі ашылмаған күшіктің Құрмаштың қойнынан табылуы.
«Ә» үстелі. Ауыл адамдарының 7 күшікке жасаған зәбірі
«Б» үстелі. Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болғн шағында қара ала төбетпен айқасы.
«В» үстелі. Қой жайып жүрген Құрмаштың қасқырға шабуы.
«Г» Әже зары
2. «Өрмекші ойыны»
Кластағы оқушылар төрт – төрттен бөлінеді. 1,2,3,4 деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 1 – деңгейлік тапсырмаларды орындап, келесі столға барады. Столдарды айналып болғанан кейін, 2 – деңгейлік тапсырманы да үстелдерді айналу арқылы орындайды. 3 деңгейлік тапсырманы әр топтағы ойыншылар бірігіп орындайды. Жақсы орындаған ойыншыларға фишкалар таратылады. Әр айналым 5 минут.
Ойын сұрақтары:
ІІІ деңгей
Қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі
Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры
Қаталдық. Көксерек ауылда
Көксерек және Құрмаш.
Көксеректің адамдардан көрген зәбірі, жазасы.
ІІ деңгей.
Көксеректің ауылдан кетуі
Тағылардың тағылық істері
Көксеректің жойқын дүлей күшке айналуы.
Қараадыр еліндегі мазасыздық.
Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы.
І деңгей.
1. Қалай ойлайсыздар, әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
2. Ауыл адамдарының іс - әрекетін құптауға бола ма?
3. Кім қатал, кім өктем? Көксерек пе, әлде ауыл адамдары ма?
4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?
5. Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?
Әңгімеге қатысты өлең шығарған оқушылардың шығармасын тыңдау.
Міне, балалар, бүгін біз М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі арқылы жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесін танып отырмыз. Бұл тепе – теңдік бұзылған жағдайда үлкен құрбандыққа алып келеді. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі адамдарға ұлы бір міндет жүктеп отырғандай сезіледі.
Сабақты қорытындылау:
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы - Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
Үйге тапсырма:
«Көксерек - табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шағын шығарма жазу.