Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 36 минут бұрын)
«МузАрт» тобының құрылу тарихындағы тың мәліметтер: Актер Шерхан Саматұлының сұхбаты жұртшылықты елеңдетті

Түркістан театрының актері Шерхан Саматұлы «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасына қонақ болып, «МузАрт» тобына арналған сахналық қойылым жайлы сыр шертіпті. Актердің айтуынша, бұл қойылымда топтың құрылу тарихы мен олардың өнер жолындағы елеулі сәттер қамтылған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топтың бастауы және алғашқы кедергілер

Шерхан Саматұлының айтуынша, «МузАрт» тобының алғашқы мүшелері – Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев. Олар трио құруды армандап жүргенде, бір мейрамханада ән айтып отырған Сәкен Майғазиевті көреді. Осылайша үшеуі бірігіп, топ құруға бел буады.

Алайда, топтың алғашқы кезеңінде-ақ, оларға кедергілер туындаған. Бір бас продюсердің Мақсат Базарбаевтың ойын бұзуға тырысқаны айтылды. Продюсер Мақсатқа «Сен топқа жараспайсың, жеке ән айтатын әншісің» деген сияқты сөздер айтып, оны топтан бөлектеуге, тіпті жеккөрінішті қылуға тырысқан. Бұл әрекеттер арқылы продюсер Мақсатты топтан өз еркімен кеткендей жағдайға жеткізбек болған.

Режиссерлік шешім мен халықтың қолдауы

Актердің сөзінше, қойылымның ең бір мықты тұсы – Мейрамбек Бесбаевтың ауырып қалған кезіндегі жағдайды көрсету. Сол кезде бүкіл халық болып, оның сауығып кетуіне тілек тілегені ерекше атап өтілді. Режиссер осы сәтті балет әртістерінің көмегімен өте әсерлі етіп шығарған.

«Бұл қойылымды жақында көрермендер де тамашалайтын болады», – деп сендірді Шерхан Саматұлы.

Жаңалықтар

Жарнама