Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
5 сынып музыка пәні бойынша тест
1. Қорқыт күйлері қандай аспапта орындалады?
а/домбыра
ә/қобыз
б/жетіген
в/шаңқобыз

2. Асанқайғы қай ғасырла өмір сүрді?
а/ 12ғ
ә/ 13 - 14ғ
б/ 14 - 15ғ
в/ 19 - 20ғ

3. Асанқайғының күйін тап.
а/ Желмаяның жүрісі
ә/ Ерден
б/ Аман бол шеме аман бол
в/ Салтанат

4. Байжігіт кім?
а/батыр
ә/термеші
б/әнші - композитор
в/күйші, жырау

5. Домбыра қандай бөліктерден тұрады?
а/асық, ішек, тиек
ә/ішек, тиек, шанақ
б/тері, қоңырау
в/тиек, шанақ, ысқыш

6. Сілкіп ойнайтын аспап түрі.
а/ асатаяқ
ә/ қобыз
б/ домбыра
в/ дауылпаз

7. Аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланатын ұрмалы аспап.
а/ мүйізсырнай
ә/ дауылпаз
б/ қобыз
в/ дабыл

8. Қазақтың ұлттық аспабы.
а/сазсырнай
ә/дауылпаз
б/домбыра
в/қобыз

9. Бақташылардың қурайдан жасалатын ең сүйікті аспабы.
а/домбыра
ә/сыбызғы
б/сазсырнай
в/шаңқобыз

10. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.
а/мүйізсырнай
ә/сазсырнай
б/сыбызғы
в/шаңқобыз

11. Асатаяқ аспабын қай кезде пайдаланады?
а/халық әндерін сүйемелдей үшін
ә/ұлттық билерді сүйемелдеу үшін
б/салт - дәстүрге арналаған әндерді сүйемелдеу үшін
в/төрт түлік малға арналған әндерді сүйемелдеу үшін

12. Сазсырнай аспабы неден жасалған?
а/ағаштан
ә/темірден
б/саздан
в/теріден

13. Мүйіз сырнай неден жасалған?
а/сиырдың мүйізінен
ә/ағаштан
б/қошқардың мүйізінен
в/еліктің мүйізінен

14. Ұранды кімдер пайдаланған?
а/әншілер
ә/ұсаталар
б/ жауынгерлер
в/күйшілер

15. Өзбек халқының музыкалық аспабын ата.
а/ооз қомыз
ә/рубаб
б/домбыра
в/гиджак

16. Түркімен халқының музыкалық аспабын ата.
а/гоор
ә/сибизик
б/дилли - тюйдук
в/комыз

17. Тәжік халқыны музыкалық аспабын ата.
а/қомыз
ә/рубаб
б/буламан
в/думбра

18. Қырғыз халқының музыкалық аспабы.
а/домбра
ә/қомыз
б/дутар
в/комуз

19. Субдоминанта қай сатыдағы дыбысты атайды?
а/үшінші
ә/төртінші
б/бесінші
в/алтыншы

20. Доминанта қай сатыда?
а/үшінші
ә/төртінші
б/бесінші
в/алтыншы

21. Біржан салдың әнін ата.
а/Хаулау
ә/Жанбота
б/Айттым сәлем, қаламқас
в/Гәкку

22. Абайдың әні
а/Гәкку
ә/Желсіз түнде жарық - ай
б/Теміртас
в/Кербез қыз

23. Ақан серінің әні.
а/Балқадиша
ә/Жанбота
б/Теміртас
в/Көзімнің қарасы

24. Орыс халқының музыкалық аспабы.
а/волынка
ә/сопилка
б/гусли
в/мазанка

25. Дәстүрлі күйшілік өнер тарихының бастапқы өкілі.
а/Тәттімбет
ә/Сүгір
б/Дина
в/Құрманғазы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама