Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Пифагор теоремасына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Есептер шығару барысында білімдерін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды зерттеу, ой қорытындылау арқылы Пифагор теоремасы туралы кең көлемде алған білімдерін тереңірек көрсете білу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, плакаттар, сызбалар салынған есептер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың түрі: топтау

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру (Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, топтап отырғызу)
2) Үй жұмысын сұрау (әр топтан оқушылар шығып пифагор теоремасына сабақ айтады, оз жұмыстарын қорғайды)

Жаңа сабақ: сабақтың мақсатымен таныстыру, жаңа тақырыпты ашу (жасырынған тақырыпты математиктердің есімін табумен ашу)
1. Параллелограмм деген ұғымды алғаш өз еңбегінде дәлелдеген ғалым (Евклид)
2. Трапеция ұғымын алғаш енгізген ғалым (Посидоний)
3. Үшбұрыштың үш медианасы бір нүктеде қиылысады, ол үшбұрыш үшін ауырлық центрі болады деген ғалым математик (Архимед)
4. Алғаш бір жылдың 365 кун болатынын айтқан, пирамиданың биіктігін оның көлеңкесімен есептеп берген, ғалым (Фалес)
5. Ежелгі аңыздарға сенсек, теореманың дәлелдемесін өзі тауып, ашқан жаңалығын өгіз сойып тойлаған кім? (Пифагор)
Әр топқа есептер тарату№143 есеп,№144 есеп,№145есеп,№146есеп№147
(әр топтан бір оқушы шығып, есепті тақтаға шығарады

Өткенге оралайық
Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа қағаздар таратады және мүшелердің бәріде жауап беру керек
1) Нүкте, түзу, бұрыш дегеніміз не?
2) Ромб дегеніміз не
3) Параллелограмм дегеніміз не
4) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының tg, ctg дегеніміз не
5) Пифагор теоремасы

1) Бұрыштың түрлерін ата
2) Квадрат дегеніміз
3) Үшбұрыштың тамаша нүктелері дегеніміз.....
4) Трапеция дегеніміз.........
5) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының sin, cos дегеніміз.....

1) Үшбұрыш дегеніміз....
2) Трапецияның орта сызығы.......
3) Квадрат дегеніміз.....
4) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының tg, sin дегеніміз не...
5) Пифагор теоремасына кері теорема қалай айтылады......

1) Төртбұрыштың түрлерін ата.....
2) Квадраттың периметрін қалай табамыз.....
3) Фалес теоремасы қалай аталады......
4) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының cos, ctg дегеніміз не....
5) Пифагор теоремасы.......

1) шеңбер дегеніміз не?....
2) Көпбұрыш дегеніміз не?...
3) Параллелограммның қасиеттерін ата...
4) Үшбұрыштың орта сызығын қалай табамыз?.....
5) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының tg, ctg дегеніміз не?

Ой сергіту (оқушылардың ой жылдамдығына берілетін) 1 - 9сандарына айтылған сандарды қосып айту мысалы 39 санына бәрі бірге дауыстап 40 екен, одан әрі осылай 1 - 9 сандардың қосындыларына дейін кез келген санды қосады.

Сабақты бекіту: Достасайық яғни жоғалғанды іздейік (әр топқа қағаздар таратылады, теореманың жалғасын табу) Қағазға пифагор теоремасы жазылады: Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадратына тең.
Үйге тапсырма: Ребустар құрастырып келу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама