Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
«№ 10 жалпы білім беру орта мектебі»
биология пәні мұғалімі Асилбаева А.Б.

Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.

Жалпы мақсаты: Организмдердің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттеуші ми бөлімдері ми діңімен мишықтың қызметі туралы түсінік беру.
Жалпы міндеттері:
Білімділік: Мидың негізгі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың еріктік түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Логикалық ойлауды және есте сақтауды дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың диалектикалық - материалистік көзқарастарын қалыптастыру

Сілтеме
Биология 8 - сынып 2007ж, қосымша әдебиеттер: әдістемелік нұсқаулық, «Алматы» қосымша әдебиеттер: биология, слайд шоу, ғаламтор жүйесінен іздену, электрондық оқулық т. б.

Оқу нәтижесі
1. Топта жұмыс жасай отырып, жаңа білімді игереді.
2. Ми діңінің құрылысын зерттей алады.
2. Жаңа ақпарат туралы пікір алмасады.
3. Ми бөлімдерін ажырата алады.
4. Өзін - өзі бағалауға дағдыланады.

Негізгі идеялар
Мидың құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерін білу.
Топтық жұмысқа шапшаңдыққа үйрену.
Қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, электрондық оқулық, интерак. тақта, слайд, постер, түрлі түсті қағаздар, смайлик, стикер, ғаламтур жүйесі т. б.

Оқытумен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер
1 - модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл
(топтық және жұптық жұмыс).
2 - модуль: Сыни тұрғысынан ойлау.
3 - модуль: Оқыту үшін бағалау және оқытуды
Бағалау.
4 - модуль: АКТ пайдалану (электрон. оқулық).
5 - модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
6 - модуль: Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс әрекеті
1. Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Үй жұмысын үлестірлемі материалдар (биологиялық диктант) арқылы тексеру.
4. Жағымды психологиялық ахуал орнату.
5. Топқа бөлу (ми бөлімдері арқылы).
6. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
7. Компьютерге енгізілген жұмыстарды ашу, ақпарат көздерін қолдануға бағыт беру.

Үй жұмысын тексеру:
Ой толғау: Биологиялық диктант.
1. Ағза қызметінің реттелу жолдарын………жүйке жүйесі басқарады..
2. Ағзаның сыртқы ортамен байланысы……жүйке жүйесі арқылы іске асырылады..
3. Әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа тарайтын жұлын жүйкелері……. 31 жұп.
4. Жұлынның қызметі……………. өткізгіш же рефлекстік…
5. Жүйке ұлпасының негізгі клеткалары……. нейрон..
6. Жүйке дегеніміз…….. ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғыры
7. Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі……………рефлекстік және өткізгіштік
8. Қимыл нейрондары арқылы импульстер қайда өтеді……………жұлын
9. Қызметіне қарай жүйке жүйесінің бөлінуі…………. өткізгіштік және рефлекстік
10. Қимыл қозғалыс талшықтары орналасқан…………. алдыңғы тамыршалар
11. Артқы тамыршада орналасқан талшықтар…………сезімтал
12. Жұлын жарақатының салдары қандай……………….. сал болу, рефлексті сезінбеу.

Таныстырылым:
Сұрақ жауап арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Жаңа сабақты меңгеру
Постер орындайды.
Конверт арқылы сұрақ - жауап беріледі.
1. Үлкен ми сыңарларының қызметі?
2. Мидың құрылысы және бөлімдері?
3. Жұлын мен мидың ұқсастықтары?
4. Ми бөлімдерінің зақымдануы?

Сергіту сәті:
Видиоролик көрсетілімі:

Жаңа сабақты бекіту: 1. Тірек сөздер арқылы тапсырманы
орындайды.
2. Тестті оқушылар бірінікін - бірі алмастырып тексеріп, бағасын қойып, қатемен жұмыс жасайды.

Үй тапсырмасын беру. §15 Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі деген тақырыпты оқып келеді және кестені толтырады, сұрақтарға жауап жазады.

Рефлексия.
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама