- 05 нау. 2024 03:02
- 237
Нағыз қазақ – домбыра
Сабақтың тақырыбы: «Нағыз қазақ – домбыра»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1) Қазақ халқының негізі музыкалық аспабы домбыра туралы түсінік беру.
2) Домбыраның пайда болуы жайлы аңыздар түрлерін айту.
3) Домбыраның құрылысымен таныстыру. Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Дамытушылық: Түрлі аспапта ойнаған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау, ұлттық аспаптарды ажырата білу, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық өнерді қастерлеуге, өнер адамдарына сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық аспаптарға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданатын жаңа технология: СТО технологиясын элементтері, ойын технологиясының элементтері
Әдісі: түсіндіру, көрсету, ертегі тыңдау, мультфильм көру, сұрақ - жауап, ән тыңдау, ән айту, ойын ойнау, әуенді - қимылдар жасау.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық аспаптарының суреттері, үнтаспа,
карточкалар, домбыра аспабы, Құрманғазы, Динаның суреттері, теледидар.
Мотивациялық қозғаушы
- Музыка залына Құрманғазының «Балбырауын» күйімен балаларды қарсы аламын.
Шаттық шеңбері:
Сәлем, сәлем Алтын күн!
Сәлем, сәлем, Жер ана!
Сәлем, сәлем, Жан досым,
Сәлем, сәлем, баршаңа.
Жылуыңа, жылу қос,
Міне, менің қолым бос.
- Бүгін біздің сабағымызға апайлар қатысқалы отыр, олай болса барлығымыз апайлармен амандасайық.
Іздену - Ұйымдастырушы
Топқа бөлу: 3 топқа бөлу
Елес жетелеу стратегиясы
- Балалар, мен сендерге бір ән тыңдатамын сол ән не туралы
екенін айтып беріңдер.
Музыка тыңдау: Б. Бейсенова «Домбыра»
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз бүгін ұлттық аспабымыз домбыраның құрылысымен және оның шығу тарихымен танысамыз.
Бұрынғы уақытта көшіп қонып жүрген қазақтың қай - қайсысы да домбыраны шаңырағында қастерлеп төрге іліп, ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі. Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы - домбыра депті. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл ойы, көңіл - күйі жатыр. Домбыра елдің көне көз шежіресі, көпті көреген қарияның көңіл - күйі екен депті.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға әжеміз келіп отыр, сол әжемізден домбыра аспабының шығу тарих тыңдап көрелік.
Ертегі тыңдату: «Мұңлық - Зарлық»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Нұржау ауылы, МКҚК "Гаухар" балабақшасында Саз жетекшісі
Нарешова Алтынай Жанбирбаевна
Толық нұсқасын жүктеу