Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Нағыз әке": Тұрсынбек Қабатов қыздарын ерекше құттықтап, жұрттың ықыласына бөленді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін қыздарымен ерекше тойлады. Ол кіші қызы Айымға деген сүйіспеншілігін бейнежазба арқылы көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзілкештің қызы Айым Тұрсынбекқызы Instagram парақшасында әкесімен бірге түскен видеоны жариялады. Видеода Тұрсынбек Қабатов қызына гүл шоқтарын табыстап, оны ерекше тілде еркелетіп, бетінен сүйіп жатқаны көрінеді. "Рақмет, әке! Қандай керемет!" – деп қызы алғысын білдірді.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен продюсер Мөлдір Мұқанның ажырасқаны туралы ақпарат тараған болатын. Мөлдір Мұқанның айтуынша, ажырасуға негізгі себеп – қарым-қатынастың салқындауы мен түсініспеушіліктер. Дегенмен, ол Тұрсынбекті балаларына қамқор әке ретінде бағалап, оған деген жылы лебізін білдірген.

Жаңалықтар

Жарнама