- 07 қар. 2019 00:00
- 223
Намысқой батыр
Ертеде өмірі жаудан беті қайтпаған, ержүрек, намысқой бір батыр болған екен. Бір күндері үлкен қан майдан болып, әлгі батыр жаудан жеңіліп, қасында бір жолдасы бар қашып келе жатады. Сонда жеңген жауы қуып, жете бере:
— Жеңілдім де, әйтпесе найза саламын, — деп, найзасын қайта-қайта оқталып қояды.
Қашып келе жатқан батыр «жеңілдім» деп өз аузынан айтуға намыстанып, қасындағы жолдасына:
— Әй, аузыңа құм құйылып келе ме, ананың айт дегенін айтсаңшы, — депті.