- 24 қар. 2019 00:00
- 234
Нар идірген (ІІІ нұсқа)
Ертеде бір кемпір-шал қызымен елден безіп, аң жортпас, құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. Олардың күнкөрісі жалғыз нары екен. Жылдарда бір жыл қуаңшылық жүріп, даланың шөбі қурағандықтан, бір үйлі ғаріптің, бетіне қарап отырған нарының ботасы өліп, нар жүдеп-жадап, суалып кетіпті. Үркердей үш жанның талшығы құрып, тағдырына қауіп төніп, қасірет-қайғыда қалыпты. Бір күндері бір шал
мен бір жігіт осы араға пайда болған екен. Жүргіншілер бұлардың мұң-зарын ұққан соң, әлгі шал жанындағы жігіт арқылы кемпір-шалға: «Егер қарымжыға қызын берсе, қазір қара нарды домбырамен иітіп берем!» деген екен.
Бұл сөз сорлы кемпір-шалдың қайғысын ауырлата түсіпті. Қыздарын бейсауат біреуге қолынан жетелете салғанға шыдамапты. Зерделі қыз әке-шешесінің ойын аңғарып:
— Тағдыр басқа салса, мақұлмын, — деп шалға күй шерттірген екен. Үй ішінен бебеулеген күй үнін естіген даладағы қара нар орнынан тұрыпты. Қыз ыдыс-аяқ жақтағы шелекті ала жүріп, шалға лесіп келген жігітке ым қағады. Ол тысқа шықса, қара нар рас иіген екен. Қыз нардың қос емшегін тас қып қысып тұрып, ере шыққан жігітке өз жүрек сырын жанарынан төккен жаспен аңғартып, өзіне көмек сұрапты. Шалға қор болып бара жатқанына қорланып, жалын атқан жүрегі өзіне үміт артып тұрғанын аңғарған жігіт шапшаң басып үйге кіреді де, шын
жүрегі өзі деп тұрған қыз көңілінің кілті болған зарлы, мұңлы бір күйді шертеді. Сонда қыз шелегіне сүт бұлақ болып ағады. Қыздың көз жасы да тоқтаусыз сорғалайды. Осы кезде кемпір-шал да риза болып қызын жігітке атап, ақ батасын берген екен. «Нар идірген» сондағы жігіт шерткен күй дейді.