Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 9 - ға және 3 - ке бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3ке, 9 - ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету; натурал сандардың 3 - ке, 9 - ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру; 3 - ке және 9 - ға бөлінетін көп таңбалы сандарға мысал келтіре білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3) Тәрбиелік. Оқушыларды еңбекке, тапқырлыққа, тыныштық сақтауға, ізденімпаздыққа, өз пікірін айқындауға, өзара ынтымақтастыққа, тәртіпке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулық, интерактивті тақта, кестелер, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептер шығару, тапсырмалар беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Тарихи хабарлама.
Пифагор ( б. з. д. 6 ғасырда өмір сүрген) және оның оқушылары сандарды ң бөлінгіштігі туралы сұрақты зерттеген. Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең санды олар кемел сан деп атаған. Мысалы, 6 (6=1+2+3), 28 (28=1+2+4+7+14) – кемел сандар.
Келесі кемел сандар 496, 8128, 33550336. Пифагорлықтар тек алғашқы үш санды білген. Төртінші кемел сан 8128 б. д. І ғасырында белгілі болған. Бесінші 33550336 саны 15 ғасырда табылды.
Бүгінгі сабақта: 1) сандар сөйлейді.
2) дұрыс жауабын анықта
3) жаңа сабақ
4) оқулықпен жұмыс
5) блиц - турнир
6) керемет үштіктер
7) топ басшылар сайысы
8) өзіндік жұмыс
9) қорытынды
1) Сыныпты 3топқа бөлу. өздері 2, 5, 10 сандары жазылған дөңгелекшелерді алып топтасады.
1. 2 - лік
2. 5 - тік
3. 10 - дық
Әр топ өз сандарының бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды. Топ өздерінің аттарына газет шығарып қорғайды.
1. қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
2. қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
3. қандай сандар 2 - ге бөлінеді?
4. қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
5. қандай сандар 10 - ға бөлінеді?
2) Дұрыс жауабын тап:
2 - ге еселік: 13, 22, 89
5 - ке еселік: 103, 99, 75
10 - ға еселік: 20, 39, 45
2 - ге еселік: 300, 21, 943
5 - ке еселік: 569, 240, 73
10 - ға еселік: 201, 390, 455
Қорытынды жасаңдар.
3) Жаңа сабақ.
Шеңбер құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Берілген санның 3 - ке, 9 - ға бөлінетіндігін бөлінбейтіндігін бөлу амалын орындамай да анықтауға болады.
9 - ға бөлінгіштік белгісі.
Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 9 - ға бөлінгіштігін анықтайық.
783=7х100+8х10+3=7(99+1)+8(9+1)+3=(7х99+8х9)+(7+8+3)
Мұндағы алғашқы екі қосылғыш 9 - ға бөлінеді. Онда берілген санның цифрларының 7+8+3 қосындысы 9 - ға бөлінсе, 783 саны да 9 - ға бөлінеді. 7+8+3=18, 18 саны 9 - ға бөлінеді. Демек 783 саны 9 - ға да бөлінеді.
Цифрларының қосындысы 9 - ға бөлінетін натурал сандар
9 – ға бөлінеді.
Мысал: 9576 саны 9 - ға бөлінеді 9+5+7+6=27. 27 саны 9 - ға бөлінеді.
289 саны 9 - ға бөлінбейді 2+8+9=19. 19саны 9 - ға бөлінбейді.
3 - ке бөлінгіштік белгісі
Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 3 - ке бөлінгіштігін анықтайық.
384=3х100+8х10+4=3(99+1)+8(9+1)+4=(3х99+8х9)+(3+8+4)
Мұндағы алғашқы екі қосылғыш 3 - ке бөлінеді. Онда берілген санның цифрларының 3+8+4 қосындысы 3 - ке бөлінсе, 384 саны да 3 - ке бөлінеді. 3+8+4=15, 15 саны 3 - ке бөлінеді. Демек 384 саны 3 - ке да бөлінеді.
Цифрларының қосындысы 3 - ке бөлінетін натурал сандар
3 – ке бөлінеді.
Мысал: 978 саны 3 - ке бөлінеді 9+7+8=24. 24 саны 3 - ке бөлінеді.
437 саны 3 - ке бөлінбейді 4+3+7=14. 14 саны 3 - ке бөлінбейді.
9 саны 3 - ке бөлінетіндіктен, 9 - ға бөлінетін сандардың барлығы да 3 - ке бөлінеді.
6 - ға бөлінгіштік белгісі: Егер сан 2 - ге де, 3 - ке де бөлінсе, онда ол сан
6 - ға да бөлінеді.
15 - ке бөлінгіштік белгісі: Егер сан 3 - ке де, 5 - ке де бөлінсе, онда ол сан 15 - ке де бөлінеді.
45 - ке бөлінгіштік белгісі: Егер сан 5 - ке де, 9 - ға да бөлінсе, онда ол сан 45 - ке де бөлінеді.
4) Оқулықпен жұмыс.
№ 627 есеп
1) 3 - ке бөлінетін сандар: 123, 342, 561, 672, 873, 948, 1041.
2) 9 - ға бөлінетін сандар: 288, 333, 558, 9468, 891, 765, 936.
№ 629 есеп
3 - ке бөлінетін сандар: 111, 145, 228, 312, 231, 153, 249.
9 - ға бөлінетін сандар: 513, 423, 288, 414, 999, 837, 963.
№ 630 есеп ( ауызша )
Пойыздың 9 платформасына тракторлар тиелген. Әрбір платформадағы тракторлар саны бірдей. Пойыздың барлық платформасында 143 трактор болуы мүмкін бе, 146 трактор болуы мүмкін бе, әлде 144 трактор болуы мүмкін бе? Бір платформаға неше трактор тиелген?
143 1+4+3=8
144 1+4+4=9
146 1+4+6=11
9 - ға бөлінетін сан 144, 144: 9=16
Жауабы: 144 трактор. Бір платформаға 16 трактор тиелген.
5) Блиц - турнир (ия - жоқ).
Бөлінгіштік қасиетке байланысты он тұжырым берілген. Тұжырым дұрыс болса ия, дұрыс емес деп есептесеңіз жоқ деп жауап жазыңыз.
213 - 2 - ге бөлінеді
345 - 5 - ке бөлінеді
1010 - 10 - ға бөлінеді
741 - 3 - ке бөлінеді
4270 - 9 - ға бөлінеді
8538 - 2 - ге бөлінеді
1001 - 5 - ке бөлінеді
646 - 10 - ға бөлінеді
29 - 3 - ке бөлінеді
1449 - 9 - ға бөлінеді
Дұрыс жауаптары:
213 - 2 - ге бөлінеді - жоқ
345 - 5 - ке бөлінеді - ия
1010 - 10 - ға бөлінеді - ия
741 - 3 - ке бөлінеді - ия
4270 - 9 - ға бөлінеді - жоқ
8538 - 2 - ге бөлінеді - ия
1001 - 5 - ке бөлінеді - жоқ
646 - 10 - ға бөлінеді - жоқ
29 - 3 - ке бөлінеді - жоқ
1449 - 9 - ға бөлінеді - ия
6) Керемет үштіктер ( арифметикалық амалдарды теңдік дұрыс болатындай етіп орналастыр )
3 3 3=2
3 3 3=3
3 3 3=4
3 3 3=9
3 3 3=11
3 3 3=18
3 3 3=27
3 3 3=30
3 3 3=36
Жауаптары:
3 -( 3: 3)=2
3+( 3 - 3)=3
3 +(3: 3)=4
3 +3+ 3=9
3 3: 3=11
(3 +3) х 3=18
3 х3х 3=27
3 3 - 3=30
3 3 +3=36
7) Топ басшылар сайысы ( топ басшылар «жаңылмаймынм»
ойынын ойнайды)
8) Өзіндік жұмыс
1) 3 - ке аяқталатын барлық екі таңбалы сандарды жаз:
осы сандардан 3 - ке бөлінетін, 9 - ға бөлінетін сандарды тап.
2) көрсетілген *- ның орнына тиісті санды қойып, 9 - ға еселік санды жаз. 1*00, 57*, 4*1, *888
3) 2 - ге, 3 - ке, 5 - ке, 6 - ға, 15 - ке, 9 - ға, 10 - ға, 45 - ке бөлінетін барлық үш таңбалы сандарды тап.
9) Сабақты қорытындылау. Сынып оқушыларының және жеке балалардың жұмыс сапасын бағалау.
Үйге тапсырма беру. 4. 4 Натурал сандардың 9 - ға және 3 - ке бөлінгіштік белгілері №628, №631 есептер.
- Сабағымыздың қорытындысын жасайық. Сендерге тарау бойына натурал сандар туралы осыншама жаңалықтар білу ұнаған шығар деп ойлаймын.
Натурал сандар жиынын аспандағы жұлдыздармен салыстыруға болады. Жұлдыздардың ішінде ерекше жарқырап көрінетін жұлдыздар бар екенін білесіңдер. Сандар арасында да ерекшелері бар. Олар бір - бірінен ерекшеленетін айырмашылықтары бар (Егіз сандар, кемел сандар). Жұлдыздар тобы сияқты сандар ішінде де ерекше қасиеттері бар сандар тобы бар Олар: құрама, жай, жұп, тақ сандар топтары. Тек оларды көре білуге үйрену керек.