Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Натурал санның бөлінгіштігі
Математика 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Натурал санның бөлінгіштігі
Сабақ мақсаттары:
1. Оқушылардың натурал санның бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу; осы тарауға енетін тақырыптарды қалай меңгергендерін анықтау; жай және құрама сандар, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарын қаншалықты меңгергендерін тексеру;
2. Есептеу дағдыларын дамыту; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Математикалық сөйлеу қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу; Ұжымда жұмыс істеуге үйрету; Достарын тыңдап, өз ойын айта білуге үйрету;
Сабақ типі: қорытынды сабақ
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайдтар, карточкалар

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тақырыбын қорытындылау. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар. Сабақты бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық, сабақтың басында сендерге фигуралар бергенмін сол бойынша бөлінеміз. Үшбұрыштар 1 топ, дөңгелектер 2 топ, төртбұрыштар үшінші топ.
«Балалар, бүгін сендер жай ғана оқушы емессіңдер, «Ашық акционерлік қоғамның мүшелерісіңдер (ААҚ)».
Әрбір АҚ - ның атауы бар. Сендердің АҚ қалай аталатынын білу үшін менің сұрақтарыма жауап беріп, сол жауапқа сәйкес әріпті таблицадан табасыңдар және сол әріптерден сөз құрайсыңдар.
1. Мына сандардың қайсысы 3 - ке бөлініп, бірақ 2 – ге бөлінбейді?
(720, 255, 638, 335)- Жауабы: 255
2. Осы сандардың қайсысы 9 - ға бөлінеді?- жауабы: 720
3. Осы сандардың қайсысы 2 – ге бөлінеді, бірақ 9 - ға бөлінбейді? жауабы: 638
4. Бір санның барлық бөлгіштері берілген. Бұл қандай сан?
(1, 2, 4, 5, 10, 20)- Жауабы: 20
5. Санды жай көбейткіштерге жіктеген. Сол санды ата.
( )- жауабы: 90
Сұрақ: Мұны қалай тексеруге болады?
6. Ең кіші жай санды ең кіші құрама санға көбейтті. Шыққан көбейтінді неге тең? – Жауабы: 2*4=8
Тақтада таблица көрсетіледі:

Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі
Өткізген мұғалім: Минасова Балдырган Мухтаровна

Натурал санның бөлінгіштігі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама