Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Негізгі және туынды етістік
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушылардың алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды етістік туралы алған білімін пысықтау; тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; дамытушылық – оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақта қолданылатын әдіс: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: жұмыс алгоритмі, шаршы, семантикалық карта,
тапсырмалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;
- Кәне, балалар көңіл күйімізді көтеріп алайық.
Армысың алтын күн!
Армысың жарық күн!
Армысың әлем!
Армысың абзал адам!
Армысың менің досым!

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Кубизм әдісі бойынша әр топқа етістікке байланысты сұрақтар беру.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
3. Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
4. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз сабақта негізгі және туынды етістік тақырыбын жалғастырамыз.
- Ендеше, сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?
1) Оқулықпен жұмыс:
І топ. 1 - жаттығу
• Туынды етістік (Әңгімелес, өрнекте, ұсақта, шаңдат, достас)
Туынды етістіктерді сөз құрамына талда.
• Негізгі етістік (кел, жаз, оқы, ер)
ІІ топ. 2 - жаттығу
Апам демалыс күні бөлмелерді ақтады. Мұғалім оқушылармен достық туралы пікірлесті. Асқар таңертеңгілік жүгіруге әдеттенді. Марат көрші баламен достасты. Цирктегі үйретуші қонжықтарды билетті.
Туынды етістіктерді тауып, астын сыз.
ІІІ топ. 3 жаттығу
Биікте, іріле, бұрғыла, сұлула, қызықта, сүргіле, қабылда, жөнде.
Өзің қалаған екі - үш туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.
ІҮ топ. қосымша материал
Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды етістік жасап жаз.
Достас, үтікте, жаңала, тазала, амандас, көмектес.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама