- 21 там. 2023 00:00
- 379
Неліктен журналистика?
Индира Ағабек - Астана қаласынан. √64. лицей мектебінің түлегі. Индира журналистика мамандығын нақты таңдап отыр. Өз мамандығы бойынша еңбектену үстінде. Журналистика-сан алған ақпараттардың ошағы демекші, бүгін Индирамен сұқбаттасуды жөн көрдім. Бүгінгі сұқбатым журналистика мамандығын таңдаған оқырмандарға пайдалы болатынына сенімдімін.
- Индира сіз журналистика сөзінің мағынасын қалай түсінесіз? Бұл сала сіз үшін несімен ерекше болды?
- Журналистика баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар табиғи апат болып жатқан жөнінде елдегі адамдарға мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын шығармашылық қызмет түрі.
- Журналист мамандығын таңдауға қандай жағдайлар себеп болды? Бұл мамандық сізге қай қырымен ұнады?
- Журналистика мамандығын таңдаңдаған себебім, көпшілік жас қызығатын саланың бірі болғандықтан және де журналистика саласы арқылы қоғамға пайдасы мол екендігі және өзіңді жарыққа шығаруға, көгілдір экраннан көрінуге мүмкіндіктер көп.
- Журналистика саласында сіз қай аға, әкелерімізді үлгі тұтасыз? Сіздің жақсы көретін журналисіңіз бар ма?
- Журналистика саласында Гүлназ Әлімгерей деген әпкеміз бар. Сол кісіні үлгі тұтамын, себебі 2006 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасында қызмет етеді. «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі. 2010-2011 жылдар аралығында «Қазақтың 100 әні» тележобасын, 2020 жылы «Ниет» әлеуметтік ток-шоуын жүргізген. Одан бөлек 2013 жылы Астана қаласында, ал 2018 жылы Ақтөбеде «Гүлназ Әлімгерейдің мектеп-студиясын» ашты. 2021 жылы «Егіз-лебіз» музыкалық жобасына қатысса Шабыт-2006 халықаралық жастар байқауында «Журналистика» номинациясы бойынша Астана әкімінің арнайы сыйлығын иеленген болатын. «Жыл тележүргізушісі-2010», «Миссис Қазақстан-2010», «Әлем аруы-2010» байқауларына қатысты. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағының иегері болған
- Болашақта журналист саласына қандай үлес қосар едіңіз?
- Журналистика саласын одан әрі дамытуға үлес қосар едім. Ақпарат көздерін анықтай отырып зерделей біліп, оны оқырман қауымға жеткізеу сияқты, әлемде болып жатқан жағдайларды көрерменге айқын жеткізер едім.
- Журналистика мамандығын оқып жатқанда, сізге шет елден журналист мамандығын оқуға ұсыныс түссе ұсынысты қабылдайсыз ба?
- Журналистика - өз қоғамының келбеті, елдің жүрегі ұлттың рухани бағынытын айқындауға үлкен үлес босатын әдеби шығармашылық қызмет түрі. Жаңағы айта кеткенімдей өз қоғамының келбеті демекші, өз елінің болашағын дамытуға үлес қосу керек - деп, ойлаймын. Өз еліңнің патриоты болғандықтан, өзге елден ұсыныс түссе қабылдай алмаймын.
- Журналист болу үшін адамның тұла бойында қандай қасиет болу керек - деп, ойлайсыз?
- Журналистің ерекшеліктері мен өз бойындағы даралық қасиеттері мен мінез және өзін өзі бақылау сияқты фокторлардың маңызы зор. Яғни, өз бойында шығармашылық бағытқа жақын болуы және өзіңнің қызығушылықтарымен идеалды көзқарасы болу қажет. Фокусы айқын адамда еңбексүйгіштік алғырлық - Журналист үшін баға жетпес қасиет деп ойлаймын.
- Индира мамандығыңды оқытатын қай университетті таңдап отырсыз?
- Мен журналистика мамандығы бойынша ЕҰУ университетін таңдап отырмын.
- Болашақ журналисттерге қандай кеңес берер едіңіз?
- Болашақ журналист мамандығын таңдап отырған түлектерге, қазірден бастап дайындалуға кеңес беремін. Тынымсыз еңбектің арқасында, өзіңіздің мақсатыңызға жетесіз. Келесі жылғы түлектерге сәттілік тілеймін!