- 12 қаз. 2015 00:00
- 370
New Horizons ғарыш аппараты Плутоннның ең сапалы суретін жасады
14 шілдеде New Horizons ғаламшараралық зонты Плутонға ең минималды қашықтыққа жақындап, оның ең сапалы суретін жасады. Сурет 12 500 километр қашықтықта жасалынған. Ергежейлі ғаламшарға осындай қашықтыққа жақындау үшін ғарыш аппаратына 9 жыл қажет болған. New Horizons Плутон және оның серігі Харон жайлы деректерді жинап, Жерге жібереді, одан кейін Койпера аймағында орналасқан объектерді зерттейді.
Плутонды зерттеудегі қысқаша тарихи мағлұматтарға тоқталайық. 1930 жылы ақпан айында америкалық Клай Томбо Күн жүйесінің тоғызыншы ғаламшарын тапты. Оны Плутон деп атады.
Плутон кездейсоқ жаңалық болмады. Оны 15 жыл бойы іздеген. Нептун мен Уран ғаламшарларының қозғалысына басқа бір объект әсер ететін. Есептеулер бойынша ол «Нептуннан ары» орналасқан.
Ғаламшарға Плутон деген ат жай берілмеді. Астрономға 11 жасар Окфордтық қыз ақыл салды. Венеция Берни (қыздың аты) ежелгі аңыздармен әуестенетін, "өлім әміршісі" Аидтың атын қоюды ұсынды, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған.
Жаңалық ашылғаннан 2006 жылға дейін Плутон Күн жүйесінің тоғызыншы ғаламшары болып есептелінді. Бірақ 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында Күн жүйесінің сыртында Плутоннан да көлемді объектер көп табылды.
2006 жылдың 24 тамызында «ғаламшар» терминіне бірінші рет анықтама берілді, бірақ Плутон бұл анықтамаларға сәйкес келмеді. Сондықтан Плутонды ергежейлі ғаламшарлар қатарына қосу туралы шешім қабылданды. Бірақ кейбір ғалымдар Плутонның орны «ғаламшарлардың» жанында деп есептейді.
Қазіргі уақытта Күн жүйесіндегі ресми танылған ғаламшарлардың ішінен тек Плутонға ғана жердің ғарыш аппараты жақындамаған. Ұзақ уақыт оған деген ұшулар кейінге қалдырылып, жақынырақ орналасқан объектерге көбірек көңіл аударылған. 2003 жылы NASA осы экспедицияны қаржыландыруға қаражат тапты.
Алан Штерннің "Жаңа көкжиектер" жобасы қолдау алды.
Зонд салмағы - 478 кг., оның 77-сі отын, ал 30 кг – әртүрлі ғылыми құрылғылар. Зонд арнайы жабындымен оралады, ол жабынды оны микрометеориттер мен жұмыс істейтін құрылғылардан бөлінетін жылудан қорғайды.
Сонымен қоса аппараттың бортында арнайы ғылыми қондырғылар бар. Alice Плутонның атмосфера параметрлерін ультракүлгін сәуленің диапазоны арқылы анықтайды. Ralph – бұл камера, ол түрлі-түсті және ақ-қара суреттер мен стереосуреттер жасайды. LORRI - телескоп, беттің толық суреттерін алады. SWAP - құрылғы, күн желін талдайды. PEPSSI - энергетикалық бөлшектердің спектрометрі, SWAP-ты толықтырады. SDC – аппаратпен соқтығысатын бөлшектердің массасы мен жылдамдығын анықтайтын құрылғы аппарат. REX – аппараттың Жермен байланысуына және радиодиапазонда Плутон атмосферасын зондтауға арналған антенна.
Бірақ аппараттың стартында келеңсіз оқиға болды. 2005 жылы Вильма дауылы бірінші сатылы үдеткішті істен шығарды. Ұшыру бірнеше рет кейінге қалдырылды. 2006 жылы 19 қаңтарда кеме Плутонға жіберілді.
2007 жылдың ақпан айында "Жаңа көкжиектер" аппараты Юпитердің жанынан өтті. Олардың арасындағы қашықтық 2,3 млн. км болды.
Аппарат Юпитерге жетіп, Плутонға бет алғанда ол бірнеше жыл ұйқы режимінде болды. 2008 жылы зонд Сатурн орбитасынан, ал 2011 жылы Уран орбитасынан өтті. 2014 жылы 6 желтоқсанда аппарат «оянды», 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Плутонның суреттерін жіберуде.
12-18 сәуір 2015 жыл, Плутонның суреті.
Жермен салыстырғандағы Плутон мен Харонның көлемдері.