Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Нұр тоқай (көк қашан) шайқасы

1457 жылы Әбілхайыр хан мен ойрат тайшысы Өзтемір әскерінің арасында болған шайқас Нұр Тоқай шайқасы немесе Көк Қашан шайқасы деген атпен аталып жүр. XV ғасырдың бас кезінде пайда болған Ойрат хандығы бірден Моғолстанның шығыс  шекараларына шапқыншылық жасай  бастайды. Өйткені  ойрат (қалмақ) шонжарларын өз жайылымдарын кеңейту мүмкіндігі қызықтырды. Содан да олар Жетісуға ғана емес, Орталық Азиядағы отырықшы аудандарға да көз тікті. XV ғасырдың 50-ші жылдары ойраттар Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады. Нұр Тоқай шайқасы Әбілхайыр хандығының астанасы — Сығанақ қаласына таяу жердегі жазықта өтті. Нұр Тоқай шайқасында ойраттар толық жеңіске жетіп, Әбілхайыр хан өз әскерінен қалған аздаған қолмен Сығанақ қаласына келіп тығылды. Қарсылыққа кезікпеген қалмақтар Түркістан, Ташкент пен Шахрух қалаларының төңірегін тонауға кірісті. Кетерінде Өзтемір тайшы Әбілхайыр ханмен аса ауыр бітім жасасты. Осы жеңілістен кейін Әбілхайыр хандығынан көшпелі тайпалар, соның ішінде Керей мен Жәнібек бөлініп кетті.

Оқуға кеңес береміз:

Құм жұтқан қалалар

Еуропалық саяхатшы Джон Кэстльдің 1736 жылы Әбілқайыр хан ордасына сапары және естеліктері мен суреттері


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама