Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 54 минут бұрын)
О. Әубәкіров "Шыбын мен көбелек"
әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: О. Әубәкіров Шыбын мен көбелек
Сабақтың мақсаты: Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту. Тілдік, сөздік қорын молайту, өз ойларын толық нақты ашып айта білуге дағдыландыру. Адамдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: сызба, шыбын, көбелек суреттері, слайд
Әдісі: сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
1. А. Сопыбеков «Сапар мен парта»өлеңін мазмұндау
2. Сахналау
3. Өлеңдегі автордың негізгі ойы - әдепті, тәртіпті болу. Осы тақырыпта мақал - мәтелдер айтқызу
Ой қозғау:
Халық ауыз әдебиеті бөлімінде қандай тақырыптармен таныстық? Сызбамен жұмыс

Халық ауыз әдебиеті
«Сапар мен парта» қай тақырыпқа жатады?
- Мысал
- Мысал деген не?
- Мысал - адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты қасиеттерді мадақтап жазатын шығарма. Шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
- Мысалдағы негізгі ой нені білдіреді?
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Жұмбақ шешу:
Көлбең - көлбең етеді
Гүлден ұшып жетеді
Гүл шырынын сорады
Соған риза болады (көбелек)

Ас көрсе - ақ жалайды
Содан ауру тарайды
(шыбын)

Жаңа сабақ С. Оспанов « Шыбын мен көбелек»
Автор туралы түсінік
С. Оспанов
Қызылорда обл. Арал ауданы
1955ж. 30наурызда туған
Жалын, Зерде Мектеп баспасы, Парасат журналында жұмыс жасаған
«Ағаш ат»
«Құлдар көтерілісі»кітабы
2003ж 1 қараша
«Әдемі ару»повесі

Оқулықпен жұмыс
«Шыбын мен көбелек» мысалын тізбектеп оқу, мағынасын ашу
Сөздік жұмыс:
Көз шырымын алу - ұйықтау
Қауыз - ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабығы
Жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті
Сұғанақ - ұры
Сапалақ - шыбын қорығыш құрал
Шылғи өтірік - мүлде өтірік
«Көбелектерді гүлге қондыр» ойыны
Мақсаты: көбелектерді қондыра отырып, сұрақтарға жауап беру

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру
Бекіту сұрақтары
Қорытындылау. (Абайдың 6-қара сөзінен)
Кеселді жалқау, қылжақбас
Әзір тамақ, әзір ас
Сыртың пысық, ішің нас
Артын ойлап ұялмас
Бағалау: Түрлі - түсті көбелектермен мадақтау, бағалау
Үйге тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама