Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өмір бойы есте сақтап қалуы үшін көбейту кестесін балаға қалай үйретуге болады?

Көбейту кестесі - біз мектепте бастауыш сыныптан бастап үйренетін математикадағы негізгі ұғым және де одан әрі мамандығыңызға қарамастан өмірлік қолданыста аса қажет. Бірақ балалар шексіз тізбектелген кестені жаттауға өздігінен ынталана бермейді, әсіресе оларға  бұл тапсырма оқудан тыс демалыс уақытында берілсе.

Bilim-all.kz балалармен бірге көбейту кестесін қалай жеңіл әрі қызықтырып үйренудің бірқатар жолдарын ұсынады.

Пифагор кестесі

Ең басты масқсат — көбейту кестесін жаттап алу болғанымен, үйренуден алдын оның мәнін түсініп алуыдың маңызы зор. Ол үшін көбейтуді қосумен алмастырамыз: бірдей сандар біз көбейтетін санға бірнеше рет қосылып отырады. Мысалы, 6*8  — 6 санын бір-біріне 8 рет қосу.

Бірдей мәндерді түспен белгілеп көрсету

Пифагор кестесі — көбейтуді үйренудегі таптырмас көмекші құрал, сондай-ақ онда кейбір заңдылықтар көрсетілген. Мысалы, көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді, 4*6 - 6*4. Осы сияқты "бірдей" жауаптарды ажырату үшін қандай да бір түспен белгілеп алыңыз, ал бұл көбейту кестесін қайталау кезінде шатасып қалмауға көмектеседі. 

Пифагор кестесін ең қарапайым және түсінікті бөлігінен бастап үйренген жөн: 1, 2, 5 және 10-ға көбейту. Қандай да бір санды 1-ге көбейткенде, оның мәні сол санның өзіне тең болады, яғни өзгермейді, ал санды 2-ге көбейтсек, оның 2 еселенген мәніне тең болады. Қандай да бір санды 5-ке көбейткендегі мәні не 0-мен, не болмаса 5-пен аяқталады. Ал санды 10-ға көбейтсек, екі таңбалы сан шығады, сол көбейткіш санның өзі мен нөл саны. 

Балалармен бірге алынған нәтижелерді бекіту үшін, оларға бос Пифагор кестесін сызып, ондағы торкөздерді дұрыс жауаптарымен толтыруды тапсырыңыз. Шаршы сызып, оны тігінен және көлденеңінен 10 бөлікке бөлесіз. Одан кейін жоғарғы жолақша мен сол жақ шеткі бағанасын 1-ші торкөзді бос қалдыра отырып, әрі қарай 1-ден 9-ға дейін толтырып шығасыз. 

Әрине, әр бала ерекше, олардың барлығы бірдей жан-жақты бола бермейді. Ата-аналардың басты міндеті - балаларының көңіліне жол тауып, қолдау көрсету. Өйткені біз де, бір уақыттары қарапайым қадамдардан өткенбіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама