Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өнегелі болса - бала көрікті
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өнегелі болса – бала көрікті.
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әртүрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ұл балаларды білімділікке, күштілікке, ептілікке тәрбиелеу. Имандылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс. Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, суреттер, шарлар, гүлдер, жалаушалар.

Тәрбие шарасының жүру барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Ассалаумағалейкум, халқым, деп,
Әрқашан еліне бас иетін.
Отбасы мерекесі, берекесі,
Үлгі еткен әкелер тәрбиесін,- дей келе 3 сынып оқушылары дайындаған «Өнегелі болса - бала көрікті» атты жас сұлтандардың тәрбие сайыс сағатына қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші.
Ей, кішкентай азамат,
Мынау жердің кең үсті
Мұратыңа жетерсің сен іздеген,
Не арғымақ мінерсің һәм келісті,
Жал - құйрығын күзеген.
1 - жүргізуші.
Жүрегіңде от барда,
Арман теңіз жүзіп өт.
Жамандыққа тоқталмай
Жақсылыққа ет қызмет.
2 - жүргізуші:
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
1 - жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
2 - жүргізуші.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Күш сынап, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар сайысында бәйге алуға,
Үміткерлер аянбай - ақ жан салыпты.
1 - жүргізуші.
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз.
Күйге енейік баршамыз ерекше бір,
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Ортаға бүгінгі жарысқа қатысушы «Жігіт сұлтанынан» үміткерлерді шақырамыз. (Ұлдарды белгіленген нөмірлері арқылы ортаға аты - жөнімен шақыру.)
2 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, кезеңдерімен таныс болайық.
1. «Найзасыз ер, таңбасыз ел болмайды» Таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер» Топ өнері.
3. Үй тапсырмасы (Әкелерімен бірге үйде дайындаған заттарын көрсету)
4. «Білекті бірді жығады» Қолкүрес.
5. «Жігітке жеті өнер де аз» Дене жаттығуы.
6. Көркемсөз оқу «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы»
7. Мақал - мәтелдер жарысы «Сөздің көркі - мақал»
8. Білімдерін сынау «Білімді мыңды жығар»
9. Тосын сұрақтар «Кім көп біледі?»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама