Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өнерлі екен он саусақ
«Өнерлі екен он саусақ» вариативті сабақ мектепалды даярлық сыныбы

Түсінік хат
Мектепалды даярлық сыныбына арналған 32 сағаттық «Өнерлі екен он саусақ» вариативті сабағы авторлық бағдарлама. Бұл бағдарлама әдістемелік бірлестікте қаралып, мектептің педкеңесінде (28. 08. 2013ж. хаттама №1) бекітіліп, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде келісілді.
Бұл құрылған бағдарлама «Коллекция идей» Ресей журналдары, «Айгөлек» журналдары қолданылды. Аталған еңбекте балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, көркем жапсыру, қол еңбегі, бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен жолдары ұсынылып отыр. Көркемдік тәрбие беруде балалардың эстетикалық сезімдері, көркемдік талғамдары, қоршаған ортаны көркем ой арқылы қабылдау және мінез - құлық мәдениет дағдылары қалыптасады. Табиғи материалдармен жұмыс жасау - балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Өздері жасаған жұмыстарын бір - біріне сыйлық етіп ұсынуға, мерекелерде ата - аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстың тәрбиелік мәні зор.

Мақсаты:
Балаларды түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Саусақ бұлшық еттерін дамыту;
Көркемдік талғамдарын және шығармашылық қабілетін дамытып, өнердегі әсемдікті сезінуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттер: композиция жасауды, заттарды қағаз парағына орналастыруды үйрету, жалпы түске байланысты бояулардың әдемі үйлесуін табу, мүсіндеудің алуан түрлі әдіс - тәсілдерін үйрету.

Күтілетін нәтиже: сурет салуға қызығушылықтары артады, саусақ бұлшық еттері жаттығады,
табиғи материалдарды қолдануға үйренеді, эстетикалық талғамы дамиды, ой - өрісі кеңейеді.

Бағдарлама
1. Ұшақтар (бүктеу) 1сағат. Қағаздан бүктеу әдісін түсіндіріп, дайындау.
2. Аққулар (қол еңбегі) 1сағат. Қағаздың түрлерімен таныстыру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Сиыр (сурет салу) 1сағат. Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру.
4. Паровоз (мүсіндеу) 1сағат. Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс - тәсілдерін түсіндіру.
5. Әтеш пен бақа (жапсыру) 1сағат. Балаларға түрлі - түсті қағаздарды таныстыра отырып, үлгілерін бастырып қию. Қағазбен жұмыс жасау іскерлік - дағдыларын қалыптастыру.
6. Алтын балық (қол еңбегі) 1сағат. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. байын болған жұмыстарын әшекейлеу арқылы көркемдік тәрбие беру.
7. Қайық (бүктеу) 1сағат. Бүктей жасай білуге үйрету.
8. Қашқаргүл (астра) (мүсіндеу) 1сағат. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін арттыру.
9. Бетперде жасау (қол еңбегі) 1сағат. Үлгі бойынша балалар бетперде жасайды. Субояқпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
10. Арыстан (жапсыру) 1сағат. Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін бастырып жапсыру.
11. Аққала (қол еңбегі) 1сағат. Өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру. Қиып алынған бөлшектерді әдемі орналастырып бекіту.
12. Үйрек (мүсіндеу) 1сағат. Тұзды қамырды ұқыпты пайдалану. Қол икемділіктерін арттыру.
13. Түймедақ (бүктеу) 1сағат. Бүктеу әдіс - тәсілдерді түсіндіріп
14. Қысқы киім (қол еңбегі) Матаның сапасымен, тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал - мәтелдер жаттату.
15. «Тасбақаның суретін салып үйренеміз» (сурет салу) 1сағат. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу.
16. «Досыма сыйлық» (мүсіндеу) 1сағат. Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс - тәсілдерін көрсету.
17. «Қалампыр» (қол еңбегі) 1сағат. Қағазбен әртүрлі жұмыс дағдыларын жетілдіру.
18. «Тату жанұя» (мүсіндеу) 1сағат. Жасаған мүсіндерін тиісті бояулармен бояу.
19. «Қоңыраугүлдер» (сурет) 1сағат. Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру.
20. «Қояндар» (бүктеу) 1сағат. Түрлі бүктеу әдіс - тәсілдерін үйрету.
21. «Молшылық, береке»(түрлі материалдар) 1сағат. Түрлі материалдармен жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.
22. «Наполеон балапан» балапан (қол еңбегі) 1сағат. Балаларды ине - жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру.
23. «Бақа» (бүктеу) 1сағат. Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу.
24. «Анамызға сыйлық» (қол еңбегі) 1сағат. Түсті қағаздардан гүл құрастыру. Аналарына сыйлық дайындау.
25. «Бақ - бақ» (қол еңбегі) 1сағат. Балалардың ынта - ықыласын арттыру, көтеріңкі көңіл - күй туындату.
26. « Көлде жүзген аққу» (мүсіндеу) 1сағат. Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру.
27.« Қайықша» (бүктеу) 1сағат. Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру.
28. «Балықтар» (мүсіндеу) 1сағат. Саусақ икемділіктерін әрі қарай жаттықтыру. Түрлі пішіндерді мүсіндеу.
29.« Гүлдер әлемі»(сурет) 1сағат. Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.
30. «Жаңғақ аюлар» (қол еңбегі) 1сағат. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой - қиялын дамыту.
31.«Алқаптағы гүлдер» (жапсыру) 1сағат. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсырмалау.
32. Көрме ұйымдастыру Ата - аналарына арнап көрме ұйымдастыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама