Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Сабақ тақырыбы: Онтогенез - организмдердің жеке дамуы (слайд түрінде)
Жалпы мақсат: Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастырады.
Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін, дүниетанымын кеңейтеді.
Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйренеді, салауатты өмір салтына тәрбиеленеді.
Сілтеме: 1. Биология оқулығы. 10 - сынып Т. Қасымбаева, К. Мұхаммеджанов
2. Үлестірмелі материалдар. Бірінші апта.
3. Биология оқыту әдістемесі. Т. Қасымбаева, А. Қисымова
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар ұрықтанудың дамуы мен кезеңдерінің белгілі бір заңдылықтар негізінде өтетіндігін түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар: Онтогенез - жеке даму және оның негізгі кезеңдері.

Сабақта қолданылатын материалдар: 1. А - 4 парағы
2. Флипчарт
3. Стикерлер
4. Оқулық
5. Роwer point таныстырылымы
6. Жетондар
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ
СТО
Оқыту үшін бағалау

Үй тапсырмасын сұрау
1. Тозаңқап, тозаң түтікшесі, аналық түйін, аталық жіпше дегенді қалай түсінесіңдер, сипаттама беріңдер.
2. Эндосперм қабатының пайдасы неде, ол қандай қабат?
3. Қосарланып ұрықтанудың мәні неде? Оның негізін кім қалады?
4. Вегетативті, генеративті ұғымдар қандай мағына береді?

Жаңа сабақ: Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Онтогенез

♦ Постэмбриондық (ұрықтан кейінгі)
♦ Эмбриондық (ұрықтық)

Тірек конспект
Эмбриондық даму
Туу не ұрық қабығынан шығуы – бұл постэмбриондық кезең, яғни өлгенге дейінгі кезең

Эмбриондық (ұрықтың дамуы)
Зигота → Бластула сатысы → Гаструла сатысы → Нейрула сатысы

Бластула сатысы: Мейоз жолымен бөліну арқылы көбейіп бір қабатты бластула қалыптасады
Гаструла сатысы: 3 қабатты ұрық қалыптасады 1) энтодерма - ішкі қабат
2) мезодерма - ортаңғы қабат
3) Эктодерма – сыртқы қабат
Нейрула сатысы: Организмнің мүшелері пайда бола бастайды

Нейрула - организмнің жеке мүшелерінің дамуы
Эктодерма қабатынан жүйке тақташасы түзіліп, жүйке түтігіне айналады, ол ми мен жұлынның бастамасы. Екі көз, тері, есту, иіс сезу мүшелері.
Энтодерма - ас қорыту жүйесі өкпе, бауыр, ұйқы безі т. б
Мезодерма - желі, бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек болашақ организмнің қан тамырлар жүйесі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама