Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақтар топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Сөздердің байланысу тәсілдері / 7 - сынып /
2. Ғабдолла Тоқай «Өмір жолына қадам басқандарға»
3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша


«Сөздердің байланысу тәсілдері» / 7 - сынып /
Мақсаты: Оқушылар сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысу тәсілдерін меңгереді.

Міндеттері:
а) Мазмұнға байланысты міндет: Сөздердің байланысуының амал - тәсілдерін ажырата біледі және білімін қолдана алады. Сөз тұлғасына талдау жасайды.
ә) Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Ұсынылған мәліметтерді талдай, саралай отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін шығарады, ерікті, сыни оқу дағдылары қалыптасады.
б) Топтық міндет: Топта бірін - бірі оқытады, бірлесе шешім қабылдайды.
Сабақ түрі: жаңа оқу материалын оқып - үйрену сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, «Сөздер сөйлейді», «Негізгі идеяны тану», Бір айналым сөйлесу», «Семантикалық карта»
Көрнекілігі: тақырыптық слайд материалдары, үлестірме мәтін, т. б.
Бағалау: Теориялық білімдерін қолдана алу мүмкіндіктері мен ұжымдық жұмыс жасау қабілеттері
Күтілетін нәтиже: Оқушыларда өзіндік ойлау, оқу белсенділіктері ашылады. Жаңа оқу материалын игеруде ерікті оқу дағдылары қалыптасады. Сол арқылы ұсынылған теориялық ұғымдардың /сөздердің байланысу тәсілдерінің/ негізгі белгілерін ажыратады, тақырыптық қорытынды жасау икемділіктері ашылады.

І. Қызығушылықты ояту
Әдісі: «Сөздер сөйлейді» /жалпы сыныптық жұмыс/
Сынып ішінен бір оқушы шақырылып, оған жоғарыда көрсетілген Ұғымдардың негізгі белгілері жасырылады. Оқушы ұсынылған белгілеріне қарай негізгі ұғым атауын табуы шарт.

ІІ. Мағынаны тану
Әдісі: «Негізгі идеяны тану» /топтық жұмыс/

Топтарға жекелеген сөздер /қосымшасыз, түбір күйінде/ ұсынылып, оларды бір - бірімен байланыстыра отырып, сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлем құрамындағы сөздердің байланысу жолдарына назар аударта отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін шығарады.
Ана тілі / туған / халқың / тілі / Ана тілі - туған халқыңның тілі
Ақылды / үйрен / сұм / жирен / Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен
Кітап / білім / мәдениет / беріледі / Білім мен мәдениет кітап арқылы беріледі
Ата / жақсы / ұл / туса... / Атадан жақсы ұл туса...

Жетелеуші сұрақтар:
- Сөздер жеке - жеке тұрғанда белгілі бір ойды білдіріп, сөйлем бола ала ма екен?
- Сөздерді байланыстыру үшін не істедіңіздер?
- Сөздердің байланысуының қандай тәсілдері бар екен? /мысал/
- Сөздерді байланыстырудың олардан басқа қандай тәсілдері болады?

«Сөздердің байланысу тәсілдері»
Сөздер белгілі бір тұтас ойды білдіру үшін бір - бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрайды. Яғни сөздер бір - бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысқа түсе отырып, олардан сөйлем құралады.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер бір - бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама