
- 07 нау. 2025 21:18
- 134
Оңтүстік Кореяның экс-президенті түрмеден босатылды
Оңтүстік Кореяның экс-президенті түрмеден босатылды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қамаудан шығарылды. Ол 15 қаңтардан бері түрмеде отырған еді. Сеул соты экс-президентті қамауға алу туралы шешімді заңсыз деп танып, оны босату туралы үкім шығарды.
Саяси дағдарыс және айыптаулар
2024 жылдың соңында Юн Сок Ёль елде әскери режим енгізілгенін мәлімдеген болатын. Бұл қадам оппозиция тарапынан мемлекетке опасыздық ретінде бағаланып, оған қарсы бүлік жасауға әрекеттенді деген айып тағылды. Осыдан кейін экс-президентке импичмент жарияланып, тергеу басталды.
Сот шешімі
Сеул қаласының аудандық соты Юн Сок Ёльді тұтқындау негізсіз деген шешімге келді. Осылайша, экс-президент ұзаққа созылған тергеуден кейін бостандыққа шықты.