tengrinews.kz
- 03 сәу. 2026 23:30
- 30
Оңтүстік Қазақстан тұрғындары жер сілкінісін сезінді
3 сәуірде кешке Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі тұрғындар сезінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелген. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.
Есеп бойынша, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезімталдық 2 баллды құрады. Атап айтқанда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Мырзакәнт, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Маңкент, Ақсукент, Арыс, Темірлан, Сарыкемер, Меркі, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Қордай, Шолаққорған және басқа да қалаларда жер сілкінісінің әлсіз толқындары тіркелді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.