Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың тақырыбы: «Операциялық жүйелерді баптау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға операциялық жүйені баптау жолдарын үйрету, алған білімдерін практикалық жұмыс кезінде қолдана білуге дағдыландыру, компьютерлік сауаттылығын арттыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1. Білімділік: операциялық жүйе туралы білімдерін сұрай отырып, оларды үш топқа бөліп баптауды, бума терезесінің параметрі, басқару тақтасы бумаларының терезесі туралы толық анықтама беру, көрсету, үйрету.
2. Дамытушылық: алған білімдерін компьютерде орындату арқылы ой өрісін, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: ЕТК қауіпсіздік ережесін сақтауды, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Операциялық жүйелер, операциялық жүйелер топтамасы»
Сәйкестендіру тесті.
Операциялық жүйе - Пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым - қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Ядро - Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
Интерфейс - Операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Драйвер - Командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, мәшине командасының тілі
Бірпайдаланушы - Компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған программалар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама