- 15 қыр. 2016 00:00
- 220
ОҚО-да үш мектеп ата-аналардың қаржысымен жөнделуде
ОҚО-дағы Төлеби ауданында үш мектепті ата-аналар өз қаржыларымен жөндеуде.
Бұл аудандағы мектепті жөндуге байланысты туған дау өршіп барады. Мұнда үш мектеп ата-аналар мен оқуды жақсы бітірген түлектердің қаржылай көмегінің арқасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы анықталды.
«Бүгінгі күнге дейін мектепті жөндеуге байланысты тендер жеңімпазы жарияланған жоқ. Қазірдің өзінде екі рет конкурс өткізілген, бірақ жеңімпаз белгісіз болып отыр.
«19 қыркүйекте тағы тендер болады, сонда бәрі шешіледі деген сенімдеміз»,-дейді Төлеби ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Сеиіт Бекмұрзаев.
Оқушылар мен ұстаздарға жөндеу жұмыстары кезінде уақытша өзге мекен-жайларға көшуге тура келді.
Атап айтқанда, Ұзынарық ауылының балалары әкімдіктің бұрынғы ғимаратында оқып жатыр. Ал Қасқасуда парталарды ауыл клубына орналастырды. Мұнда тақта афишалардың арасына ілінген.